Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2019

«Қарапайым заттар экономикасында» жобалар шикі болмау керек

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облысы орталығындағы Инвесторлар үйінде өңір кәсіпкерлерінің жылдық қорытынды отырысында биыл өңірде мыңнан астам кәсіпорын құрылғаны айтылды.

«Қарапайым заттар экономикасында» жобалар шикі болмау керек

Ал «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары бойынша өңіріміз елімізде алда келеді. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алды.

«Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арыновтың айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 12,1 млрд теңге болатын 55 жоба ұсынылыпты.

Саралап айтқанда, екінші деңгейлі банктер желісі бойынша – 11,6 млрд теңгеге 20 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» – 471,3 миллион теңгеге 35 жоба жүзеге асырылмақ.

– Палата қызметінің негізгі бағыттарының бірі-мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау, – дейді Ербол Арынов.

Яғни, құрамында көптеген кәсіпкерлер бар жергілікті тауар өндірушілердің деректер базасы құрылған. Қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын құрылыс нысандарына облыс кәсіпорындарының өнімдерін жеткізу мәселелері облыс әкімі Б. Бақауов басқаратын арнайы комиссия отырысында талқыланады.

Бұған дейін өңірде 801,9 миллион теңгенің 7 жобасы мақұлданып, оның 5-і қаржыландырылған делінген. Жобалық кеңсе де ашылды. Бірақ нәтижесі байқала қойған жоқ. Ұсынылған әрбір жоба назарда болуы тиіс. Жобалық кеңсе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы жанынан ашылған.

Бірақ кәсіпкерлер тіпті, жаңа бағдарлама жайлы білмеген. Сондықтан фокус-топтар құрылып, кәсіпкерлерге бағдарламаның қыр-сыры толық түсіндіріле бастады.

Ал 50 миллион теңгеге дейін несие алатын кәсіпкерлердің тізімі жасалды. Әр жобаның нәтижелі жүзеге асуы үшін арнайы маман бекітіп берілді.

Мұны кезінде  Б. Бақауов жобалардың көбі шикі екенін ескерткен-ді. Өйткені, «Қарапайым заттар экономикасына» қарастырылған қаржы күнделікті тұтынатын тауарлар өндірісін өрістетуге бағытталуы тиіс.

 

Павлодар облысы