Президент • 31 Желтоқсан, 2019

Елбасы Режеп Тайип Ер­до­ғанмен телефон арқылы сөйлесті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Режеп Тайип Ер­до­ғанмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар бір-бірін келе жат­қан Жаңа жылмен құттық­тады. Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ден­саулық пен толағай табыс, Қазақ­стан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақ­стан мен Түркия қатынас­та­рының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.