Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.