Отбасы келер жылдың шыршасын орнатып болып шай ішіп отырғанда үйдің ерке қызы:
– Мен биылғы келетін Аяз атаға: «Маған компьютор, мамама мықты тон әкеліңіз» деп хат жазып жібердім дегенде, хабары жоқ биылғы Аяз ата шайына қақалып қалғаны бар...
* * *
– Жаңа жылды біздің үйде қарсы алсам деймісің? Келе қал, тек біздің үйдің есік қоңырауы істемейді, есікті аяғыңмен жайлап қана теуіп белгі бер.
– Неғып аяқпен?
– Енді қарсы алуға анау-мынау алып қолың бос болмайтыны айтпаса да белгілі емес пе?
* * *
– Шырша мерекесіне сен кім болып киініп келесің?
– Көрінбейтін адам болып келемін.
– Сонда қалай?
– Бармай-ақ қоямын…
* * *
– Біздің көріп-біліп жүрген Аяз ата мен шетелдің Санта Клаусының ерекшелігі неде?
– Шетелдікі ылғи жалғыз өзі сап-сау қалпы қыдырып жүрсе, біздікі үнемі жанында қызы бар, мұрны қызарып қызып жүреді...