Қоғам • 03 Қаңтар, 2020

Денсаулық сақтау министрі ұшақ апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барып, ұшақ апатынан жарақат алған науқастың көңілін сұрап қайтты. Бұл туралы министр facebook-парақшасында жазды.

Денсаулық сақтау министрі ұшақ апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді

«Бүгін таңертең елордадағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына бардым. Орталықта Алматы маңындағы ұшақ апатынынан зардап шеккен адам жатыр. Ол кеше сағат 14:40-та санавиациямен жеткізілді» деп жазды Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, зардап шеккен әйелдің жағдайы орташа ауыр, көп жарақат алған және көп қан жоғалтқан.

«Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Орталық мамандары барлық қажетті тексеруден өткізіп, ота жасауға дайындады. Ұлттық травматология және ортопедия орталығының директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен ота арқылы емдеудің бірінші кезеңі жүзеге асты. Қазіргі уақытта NIIITO директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен ота жасау арқылы емдеудің бірінші кезеңі жүзеге асты» дейді министр.

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің барлығына қажетті ем көрсетілгенін айта кету керек.

«Оған республикалық ғылыми-зерттеу институттар мен орталықтардың үздік мамандары тартылды. Зардап шеккендердің жағдайы менің жеке бақылауымда» дейді ол.

Сондай-ақ министр аталған орталықтың жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде ауыр жағдайда жатқан тағы екі науқастың емдеу кезеңімен танысқан.

«Оның бірі - жол апатынан жарақат алған 1961 жылғы әйел. Ол орталыққа санавиациямен жеткізілген. Науқастың жағдайы орташа ауыр, жақсару үрдісі байқалады. Реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстыру жоспарланып жатыр. Жамбас сүйектеріне ота жасалады. Үшінші науқас - 2019 жылдың 29 желтоқсанында өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Ол да жол-көлік оқиғасынан жарақат алған. Қарқынды терапия жүргізіледі» деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025