Қоғам • 05 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға өтініштер қабылдана бастады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап елордада халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға өтініштер қабылдана бастады

Құжаттарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде,  Халықты Жұмыспен қамту орталығында, «Жанұя» отбасын институтын қолдау орталығында іске асады.

Сапалы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді.

Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай  уақытша тіркеу болу керек.

Естеріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына КД – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).


Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025