Қоғам • 05 Қаңтар, 2020

2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге көзделген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға 12,5 млрд теңге. 5-8 қаңтар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады.

Қалған 5,2 млрд теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға таяу күндері жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.  Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге төленеді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025