Қазақстан • 06 Қаңтар, 2020

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

861 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 7-9 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынады.

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклонмен жауын-шашын, көбінесе жылбысқы қар түрінде, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі.

Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, батыстан екпінде жел және ауа температурасының төмендеуі болжануда. Суытуға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық норма жақын ауа температурасы күтіледі.​