Қоғам • 07 Қаңтар, 2020

Қазақстан хал­қы Ас­сам­­блеясы Рождество мерекесімен құттықтайды!

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан хал­қы Ас­сам­­блеясы Рождество мерекесімен құттықтайды!

Құрметті отандастар!

Қазақстан хал­қы Ас­сам­­блеясы пра­вос­ла­вие хрис­тиан­дары мен барша қа­зақ­стан­дық­тар­ды жарқын мейрам Рождество мерекесімен құттықтайды!

Бұл мереке адамды жақ­сы­лық пен мейірімділікке һәм сүйіс­пен­ші­лікке шақыратын рухани қасиет­тердің салтанат құратын шағы. Ұлы дала елі түрлі ұлт пен ұлыс өкіл­деріне аса құрметпен қа­рап, сый­ласуымен қашан да ерекшелене білген.

Бұл күндері ғасырлар қой­на­уынан жеткен рухани құн­ды­лықтар, мызғымас достықтың дәстүрі мен өзара құрметі елі­міз­дегі тұрақтылықтың әрі дамудың жарқын көрінісі. Православие хрис­тиандары қазақстандық қо­ғам­ның айрық­ша бөлігі, ал Қазақ­станның Орыс Православие шірке­уі жалпы­ұлттық бірлік пен келі­сімнің нығаюына зор үлес қосуда.

Баршаңызды қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін ме­рекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, жақсылық пен береке-бірлік тілеймін!

Мереке әрбір үйге, әр отбасына шуағын шашып, қуаныш пен игілік әкелсін!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы