Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы православие христиандары мен барша қазақстандықтарды жарқын мейрам Рождество мерекесімен құттықтайды!
Бұл мереке адамды жақсылық пен мейірімділікке һәм сүйіспеншілікке шақыратын рухани қасиеттердің салтанат құратын шағы. Ұлы дала елі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдеріне аса құрметпен қарап, сыйласуымен қашан да ерекшелене білген.
Бұл күндері ғасырлар қойнауынан жеткен рухани құндылықтар, мызғымас достықтың дәстүрі мен өзара құрметі еліміздегі тұрақтылықтың әрі дамудың жарқын көрінісі. Православие христиандары қазақстандық қоғамның айрықша бөлігі, ал Қазақстанның Орыс Православие шіркеуі жалпыұлттық бірлік пен келісімнің нығаюына зор үлес қосуда.
Баршаңызды қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, жақсылық пен береке-бірлік тілеймін!
Мереке әрбір үйге, әр отбасына шуағын шашып, қуаныш пен игілік әкелсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы