Президент • 09 Қаңтар, 2020

Президент: Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде жалғасады

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бірқатар мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отырғанын жазды.

Президент: Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде жалғасады

«Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады. Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысырапшылдыққа жол бермей ұйымдастыру қажет» деп жазды Мемлекет басшысы.