Қоғам • 10 Қаңтар, 2020

Тағдыр тауқыметін балалар неге тартуы тиіс?

214 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Отбасы құндылығының төмендеуі, жасөспірімдер тәрбие­сіндегі олқылық, ажырасудың көбеюі, тас­танды баланың тағдыры қоғамдық деңгейде көп­шілік талқысына са­лынуы керек сияқты. Өйт­кені бұл мәселені бір ғана әлеуметтік топтың проб­лемасы деп қарас­тыру жақ­сылыққа апарма­сы анық. Енді осы мәсе­ле­лерді жергілікті жер­дің мы­са­лында таратып көрсек.

Тағдыр тауқыметін балалар неге тартуы тиіс?

Мәселен, Алматы облысында 660 бала полиция есебінде тұр екен. Аймақта 2019 жылдың 9 айы аралығында кәмелетке толмаған балалардың қолымен 213 қылмыс жасалғаны анық­тал­ды. Жасөспірімдерге негі­зі­нен «Қылмыстық кодекстің» 188-бабы бойынша «бөгде адам­­ның мүлкіне қол салу» айы­бы тағылған. Жалпы, жасөспі­рім­­дердің қылмысқа баруы был­­тырғы есепті мерзімімен са­­лыстырғанда 9 пайызға төмен­деген. Өткен жылы 9 айда 235 іс тіркелген болатын. Ал тәр­тіп­сіздігі шектен шыққан оқу­шылар сот шешімімен арнайы орындарға жіберілуде. Қазір Алматы қаласындағы девиант­ты мінез-құлықты бала­ларға арналған мекемеде 12 жасөс­пірім, Шығыс Қазақстан облысындағы ерекше режімдегі мекемеде облыстың 6 баласы тәрбиеленіп жатыр.

Бұл – қоғамдағы отбасы құн­ды­лығының әлсіреуінің кө­рі­нісі екені даусыз. Әсі­ресе әулеттердің ажырап, бала тәр­биесі алдындағы жауап­кер­шілікті сезінбеуі белең алған. Өкі­ніштісі, аймақта ажырасу дерегі де аз емес. Облыстың сот орындаушылары 2019 жыл­дың он айы аралығында 20 мың алимент берешегі бойын­ша іспен айналысқан. Қазір оның 16 мыңы өндірісте тұрса, 3 мың іс өзара келісім негізінде тоқтатылған көрінеді. Ал алимент төлемеген 1000 адамның жалпы қарызы 800 млн теңгеден асып отыр.

– Жұмыс барысында алимент бойынша 211 борышкер әкім­шілік жауапқа тартылды, соның ішінде 178 адам 1 күннен 5 күнге дейін қамауға алынды. Ал 4 борышкер қылмыстық іске тартылып, 1 жылға дейін бас бос­тандықтарына шектеу қойыл­ды. 188 борышкердің жеке куә­ліктерінің қолданысы тоқтатылды. 266 борышкерге іздеу жарияланды. Мемлекеттен шығуға 3,5 мың борышкерге шектеу қойылды. 427 борышкердін мүлкіне тыйым салынып, 21 борышкердің мүлкі бағаланып сатылды, – дейді Алматы облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мұхтар Байқұлов.

Демек, ажырасудың соңы жетімдік қамытын киген жас­өспірімдер санының артуына әкеліп соғатыны сөзсіз. Өкі­ніштісі, қоғамда тағдыр сынына ұшыраған тұл жетімдердің санынан ажырасқан ата-ана­лардың арасында жүрген «жартылай жетімдердің» қатары көп екен. Тағы да Алматы облысынан мысал келтірейік. Бүгінде аймақта ата-ана қамқорлығынсыз қал­ған 2810 бала бар. Соның ішінде 2267 бала қамқорлық қорғанында, 110 бала патронат тәрбиесінде, 56 бала отбасы үлгісіндегі балалар үйінде өсіп жатыр. Ал 21 баланы жеке отбасылар асырап алған. Сондай-ақ 356 бала әлеуметтік бағыттағы интернат­тарда тәрбие алуда. Ал осы тізім­дегі 60 баланың жекемен­шік үйге қақылы, тағы 197 бала­ның үй иеленуге үлестік құқы бар екен. 2750 бала тұрғын үйге мұқ­таж болса, мемлекеттік бас­пана қорынан үй алу кезегінде 2606 жетім бала кезекте тұр. 2019 жылы 115 баланың құжаты қаралып, олардың жиырма бесі кері қайтарылған. Жалпы, өңірде 2015-2017 жыл аралығында 327 бала тұрғын үймен қамтылса, соңғы екі жыл көлемінде 64 пәтер арнайы бөлініпті.

 

Алматы облысы