Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Сенаторлар Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматыдағы А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназияның оқытушыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті

Д.Нөкетаева «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңның ережелері мен талаптары туралы айтып берді. Бұл заң жарты миллионнан астам оқытушылардың жұмысын реттейді. Депутат педагогтардың құқықтарын кеңейту, ауыртпалықты азайту, мұғалім қызметіне қойылатын талаптарды күшейту, материалдық емес ынталандыру мен материалдық тұрғыда қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Н.Жүсіп «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң қабылданғаннан кейін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдайтын шаралар жүйесі енгізілгенін атап өтті.

Жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы төлеу, жұмысқа орналасу, асыраушысынан айырылу, жүкті болуы мен босануы және 1 жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі баптар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Депутат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары туралы хабардар етті және енді әрбір азаматтың денсаулығы үшін адам, жұмыс беруші және мемлекет жауапты екенін атап өтті.

Парламентшілер тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша заңнаманың негізгі ережелерін де түсіндірді.