Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020

Сенаторлар жолаушылар тасымалы мәселесін талқылады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы қаласы автобус парктерінің басшыларымен кездесті. Шараға қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар жолаушылар тасымалы мәселесін талқылады

Парламентшілер қалалық жолаушылар көлігі жүргізушілерін даярлау, қоғамдық көлікті пайдалану барысындағы халықтың мәдениетін арттыру, қала жолдарында апаттың болуы себептері туралы ойларын ортаға салды.

Д.Нөкетаева көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының автобус жүргізушілерін қайта даярлау мен кәсіби шеберліктерін арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызы зор екенін атап өтті. Автобус парктерінің басшылары оқудан кейін жүргізушілердің жұмыс сапасы жақсарғанын, мамандықтың маңызы арта түскенін және жолаушылар тасымалына жауапкершілік ұлғайғанын айтты.

Сенатор Н.Жүсіп орталық қызметкерлерін әлеуметтік сақтандыру бойынша қабылданған заңдармен таныстырды. Депутаттың айтуынша, халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі және әлеуметтік тәуекелге бас тігіп жұмыс істейтін азаматтарды қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдайтын шаралар жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі принциптері түсіндірілді.

Алматыда 2020 жылдың соңына дейін 100-ге жуық электробустарды іске қосу жоспарлануда.