Сенатор биылғы жылдан бастап күшіне енген заңдар мен жаңалықтар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі қағидалардың іске асуы, сондай-ақ депутаттық сауалдар туралы хабардар етті.
Аудан тұрғындары егістік жерлер мен мал шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдікті несие беру, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, педагог әйелдердің құрметті демалысқа шығу жасын төмендету және тағы басқа мәселелерді көтерді.
Депутат барлық көкейкесті мәселелер жеке бақылауда екенін және депутаттық сауалдар Үкіметке жіберілетінін атап өтті.
Сенатор сапар аясында күн электр станциясында болды.