Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Абай әлеміне арналған кітап көрмесі ашылды

791 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айтулы шара хакімнің 175 жылдық мерейтойы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушылар бұдан бөлек, ұлы ойшылдың ғибратты ғұмырын, рухани шығармашылығын, қауымға кеңірек таныту мақсатында онлайн байқау жариялауды жоспарлап қойған. Аталған жобаға Абайдың туындыларын мәнерлеп оқитын кез келген оқырман қатыса алады.

Алматыда Абай әлеміне арналған кітап көрмесі ашылды

«Кітап көрмесінде Абай әлеміне байланысты 185-тен астам кітаптар, ақынның шығармалары мен аудармалары шоғырланған. Бірнеше бөлімнен құрастырылған. Кітап көрмесі Абай әлемін оқырмандарға жан-жақты таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр», дейді қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ләззат Спатаева.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Абайдың туған жерін, Семей өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді дамытуды қолға алуды тапсырған еді. Көрмеге келген ақынның ұрпақтары мұндай жаңалықты естіп, көзайым болғандарын айтады. Ал көрме ғұламамен байланысты жан-жақты материалдармен толықтырылып, жыл соңына дейін ашық болады.

 – Шәкәрім атаның денесін құр құдыққа лақтырғаны көпшілікке аян. Отыз жылдан кейін баласы Ахат қазып алып шығады да, Қарауылды ауылдағы үйде арулап сол үйден шығарған болатын. Сол үйде менің балалық шағым өтті. Әлі күнге дейін ол үй бар. Әлі күнге дейін сол үйде ұрпақтары жалғасуда» - дейді Абай Құнанбайұлының інісі Ысқақтың ұрпағы Нұргүл Ысқақова

 

 

АЛМАТЫ