Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Жағдай бақылауда тұр

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінде Ертіс және Сырдария өзендері су деңгейінің көтерілуіне байланысты брифинг өтті. Қалып­тасқан жағдай туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Б. Дұзақбаев айтып берді.

Жағдай бақылауда тұр

Бүгінде Ертіс өзенінде мұз қатуы мен мұз кептелісінің орын алуына байланыс­ты өзен­­­­дегі судың деңгейі кө­те­­­рі­л­ген. Осының салдары­нан­ Восточный, Мирный кенттерінің және Түйемойнақ аралының тұрғын алаптарын су басу қаупі туындапты. Ал Түйемойнақ аралындағы тұрғын үйдің ауласын су алған. Осы үйде тұратын 8 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Шығыс Қазақстан облы­сының ТЖД және полиция қыз­меткерлері аталған елді мекендерде тұратын тұр­ғын­дарды су басу қаупі туралы ал­дын ала хабардар етіп және су тас­қыны жағдайы кезіндегі ал­ғаш­қы жұмыстарды жүргізді. Соны­мен қатар құтқарушылар өзен жағасында тәулік бойы бақылау бекеттерін қою ар­қылы тұрақты мониторинг өт­кізді (Восточный кентінде және Түйемойнақ аралында). Азық-түлікпен қамтамасыз етілген алты эвакуациялау пунк­ті ұйымдастырылды. ТЖ депар­таментінде азаматтық қор­ғау органдарының іс-қимыл­дарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта Ертіс өзені­нің су деңгейі төмендеуде. 455 см­ сыни белгідегі судың нақты дең­гейі 445 см-ді құрайды. Жағ­дай бақылауда.

Ал  2019 жылғы 1-5 желтоқсан аралығында температураның жоғарылауына (+2-ден +10 градусқа дейін) және мұз қат­п­арының әлсіз болуына байла­нысты Сырдария өзенінің ги­дро­логиялық бекеттерінде су дең­гейінің көтерілуі орын ал­ды. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеуде.

Бұл ретте Сырдария гидро­логиялық бекеті Қараұзақ тар­мағындағы судың нақты деңгейі 695 см 13 қаңтарда сағат 18.00-де судың деңгейі 2 см төмендеді, қауіпті белгі – 665 см, сыни белгі – 770 см деп хабарлады. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі қашықтық – 300 м.

Сырдария – Жосалы бекетін­де судың нақты деңгейі 678 см (өзгеріссіз) құрайды. Қауіпті белгі – 680 см, сыни 720 см. Жо­салы елді мекеніне дейінгі қашықтық – 200 м. Аталған бекеттерде ТЖ басқармасының және жергілікті атқарушы орган­дардың қызметкерлері су дең­гейіне мониторинг жүргізуде.