Қазақстанның Тұңғыш Президенті Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
«Ибрагим Дәуітұлы ерекше еңбекқорлығы мен қабілет-қарымының арқасында қарапайым зоотехниктен ірі өндіріс компаниясының басшысы, сайлаушылар сенімін арқалаған депутат лауазымына дейінгі өнегелі жолдардан өткен абзал азамат еді. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, егін және мал шаруашылығының дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ-бірліктің нығаюына көп еңбек сіңірді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.
Оның ғибратты ғұмыры ұрпақтарына әрдайым үлгі болып қала береді деп ойлаймын» делінген жеделхатта.