Қоғам • 17 Қаңтар, 2020

Атқа міну мәдениетін насихаттады

560 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда «Киелі Қазақ­стан» экспедициясы мү­шелері Павлодар об­­­лысына жиналды. Атал­­­ған экспедицияның мақсаты – жылқыны қолға үйрету мәдениетін дә­­ріп­теп, ішкі туризмді на­­сихаттау.

Атқа міну мәдениетін насихаттады

Шараға тәжірибелі шабандоздар, құсбегілер, тревел-блогерлер мен тілшілер, фото­графтар және видеооператорлар қатысты.  

Экспедицияның алғашқы күні қатысушылар Сәтбаев ауы­лынан Далба тауының ете­гіне дейін жетіп,  Бұқар жы­рау жерленген ұлы абыз­дың ке­сенесін аралады. Әрі қарай «Иман­тайұлы Сәтбаев» кесенесі мен «Теңдік» ке­се­нелеріне де жаяу бет алды. Осылайша, ат­қа мінген саяхатшылар экспе­дицияның алғашқы күні 60 шақырым жолды жүріп өтті.

Ал екінші күні, экспедиция мүшелері Қ.Сәтбаев ауылында мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында ертеден келе жатқан ұлттық ат спорты ойындарын ұйымдастырды. Жасөспірімдер атқа мінуге машықтанып, асау жылқыны жүгендеу, міну, жегу тәсіл­дерін үйренді.

«Атқа міну мәдениеті – қа­зақ халқының қанына сің­ген, өмірлік серігіне айнал­ған үрдіс. Экспедиция жас­өспі­рім­дер арасында ұлттық ат спор­тын насихаттап, жаңа турис­тік бағыттарды жасау және туған жерімізді зерттеу­ге ықпал етеді. Экспедиция нә­тижесінде еліміздің та­би­­­­ғи нысандары бойынша жа­­­­­ңа туристік бағыттар, са­па­лы фото және видеолар жа­сақталмақ, Сондай-ақ ил­люстрацияланған жолнұсқа да жасалатын болады», деді Ат-TRAVEL клубының же­текшісі Берік Ақылбеков.

Экспедиция «Жабағы» жарысы мен «Теңге алу» сайыстарына қатысып, үздік атанған  жасөспірімдерді марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

Айта кетейік, «Киелі Қа­зақстан» экспедициясы «Kazakh Tourism» ҰК мен «QazaqGeography» республи­ка­лық қоғамдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен 3-мәрте жүзеге асып отыр. Мұның алдында саяхатшылар Ақмола, Павлодар облыстары мен Бұй­ратау, Баянауыл ұлттық парк­терін жүріп өткен болатын.