Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 3600 тонна жеміс сыятын қойма ашылды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өндірістік қойманың құрылысын Еңбекшіқазақ ауданындағы «Alma Mater Fields» компаниясы «Аграрлық несие» корпорациясының қолдауымен аяқтап, іске қосты.

Алматы облысында 3600 тонна жеміс сыятын қойма ашылды

Жалпы, «Alma Mater Fields» компаниясы - облыста жеміс-жидек өсірумен аты шыққан кәсіпорын. «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша тамшылатып суару және шпалерлі желіні іске қосқан серіктестіктегі жұмыстың барлығы заманауи технологияға сай, цифрлы жүйеде жасалады.

Компания 2017 жылдан бері «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие» корпорациясының серіктесі екен. Биыл алма егісінің көлемін ұлғайтып, 120 гектарға және 90,5 гектарға екі бірдей бақ отырғызған. Енді алынған өнім көлемі 3600 тоннаға дейін көбеймек. Мұнша жемісті сақтау үшін арнайы қойма салу қажеттігі туындаған.

Ал «Аграрлық несие» корпорациясының қаржылай қолдауы бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді. Жеміс қоймасын салуға 4,7 млрд теңге жұмсалыпты.

 

Алматы облысы