Руханият • 17 Қаңтар, 2020

Шымкентте Поэзия мінбері ашылды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың қолдауымен «Жеңіс» саябағында әдеби-мәдени  «Поэзия бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шымкентте Поэзия мінбері ашылды

Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, қаламгер қауымға шығармашылық шабыт тіледі.

Кеш қонағы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Жуырда Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен әдебиет саласындағы шығармашыл жастардың үздік туындылары жинақталған  «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясы жарық көрген.

Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар ұйымдастырылмақ.

Жиын соңында аға буын өкілдері жастарға сәттілік тілеп, батасын берді.