Бокс • 17 Қаңтар, 2020

«Көп уақытым Қанат Исламға кетеді»: Бапкері боксшымен қош айтысқанын айтты

1783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

«Көп уақытым Қанат Исламға кетеді»: Бапкері боксшымен қош айтысқанын айтты

«Өкінішке қарай, Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді» дейді бапкер.

Айта кетейік, Багаудин Беков 2019 жылы Қанат Исламды доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) жекпе-жекте жаттықтырған.

Соңғы жаңалықтар