Спорт • 17 Қаңтар, 2020

Елімізде UFC TV телеарнасы іске қосылды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда аралас жекпе-жекті көрсететін UFC TV жаңа телеарнасы іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Елімізде UFC TV телеарнасы іске қосылды

«Қазақстанда UFC TV телеарнасының іске қосылғанын және UFC ірі турнирлерінің Қазақстанның ірі спорт телеарнасы Qazsport-та көрсетілетінін хабарламақпыз. Жалпы, Қазақстан - әлем картасындағы бірегей ел саналады. Бұл жерде жауынгерлік өнер мен бокс барлық уақытта да танымалдыққа әрі зор қызығушылыққа ие. Мықты спортшылары да бар. Сондықтан UFC үшін Қазақстан басымдыққа ие елдердің бірі саналады» деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UFC вице-президенті Андрей Громковский.

UFC TV телеарнасы Ultimate fight championship немесе UFC ұйымдастыратын жекпе-жектерді көрсетеді.

Жалпы, UFC турнирлерді бір миллиардтан астам тұрғыны бар әлемнің 166 еліне 35 тілде таралады. Енді бұл елдердің қатарына Қазақстан қосылып отыр.