Тағайындау • 17 Қаңтар, 2020

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры тағайындалды

182 реткөрсетілді

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) сыртқы экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Еңбек жолы: «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры.

2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.

Еске салайық, 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын. Ол 16 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар

Сақтанған адам сау жүрер

Қоғам • Бүгін, 10:32

Ақмоладағы көктемгі қарбалас

Аймақтар • Бүгін, 10:20

Мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Экономика • Бүгін, 09:27

Чайковский шығармалары шырқалды

Қазақстан • Бүгін, 09:18

Дер кезіндегі демеу

Руханият • Бүгін, 08:25

Төлем алуға – Telegram-бот

Қоғам • Бүгін, 08:05

Кәсіпкерлер үшін мүмкіндік

Қазақстан • Бүгін, 08:05

Петропавл карантинге жабылды

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Қаржы халыққа бағытталады

Үкімет • Бүгін, 07:53

Құптарлық қадам

Парламент • Бүгін, 07:47

Мешітте бетперде цехы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Елге пайдасы тиген адам жақсы

Парламент • Бүгін, 07:30

Ішінара шектеу енгізілді

Коронавирус • Бүгін, 07:30

Аудан өмірінің айнасы

Аймақтар • Бүгін, 07:27

Арман аласармасын

Руханият • Бүгін, 07:22

Диқан дизельді төмен бағаға алады

Экономика • Бүгін, 07:11

Ұқсас жаңалықтар