Қазақстан • 19 Қаңтар, 2020

Тұман, көктайғақ: Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал.

Тұман, көктайғақ: Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық аумағына дерлік әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте - жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік және шығыста боран соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.