Түркістан облысы Келес ауданының Жолбасшы ауылында ерекшелеу кітапхана оқырмандарға тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Алақандай ауылдың рухани ордасына айналған кітапханада 7 мыңнан астам кітап қоры бар.

Қазақ әдебиеті, тарихы және ғылымның түрлі саласына қатысты еңбектерден бастап, әлемнің классик жазушыларының шығармаларын да таба аласыз.
Ерекшелеу дейтініміз, кітапхананы Гүлбала Сәрсенованың отбасы өз қаржысына салған. Ауылда бұған дейін кітапхананың жеке ғимараты болмаған. Алғашында клубтың бір бұрышын паналап, кейін мектептің тар бөлмесіне орналасқан. Кітапханашы Гүлбаланың көшкен сайын бүлінетін кітаптарға жаны ашитын. Жеке ғимарат жөніндегі ой да осы рухани азыққа жанашырлықтан туындаса керек. Отбасындағы 5 ұл-қыздың алды студент. Олардың да жағдайын, ертеңін ойлау қажет. Дегенмен отағасы Нұржан екеуі ақылдаса келіп, кітапхана салу жөнінде шешімге келеді. «Көп ойланбастан көзді жұмдым да несие алдым. Жұбайым құрылысшы. Яғни, құрылысшыларға беретін қаржыны үнемдедік. Тек қана құрылыс материалдарын сатып алдық. Мұнан гөрі өздеріңе «времянка» салып алмайсыңдар ма, деушілер де табылды. Мақсатымыздан қайтпадық. Өйткені халық рухани бай болуы керек», дейді Г.Сәрсенова сол бір күндерді еске алып.
Осылайша материалдық құндылықтан гөрі рухани жан азықты артық санаған қарапайым кітапханашы Г.Сәрсенованың отбасы ғимарат салумен қатар, қолда бар кітап қорын шашау шығармай сақтап қалды. Бүгінде Жолбасшы ауылының ғана емес, төңірегіндегі бірнеше елді мекеннің тұрғындары осы жерде кітап оқып, дүниетанымын кеңейтіп келеді. Ауыл кітапханасының бүгінде 700-дей тұрақты оқырманы бар. Жылына кітап іздеп 9 мыңдай адам келеді екен. Сондай-ақ ауыл кітапханасы көптеген мәдени іс-шараның ұйытқысы болып отыр.
Түркістан облысы
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар