Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу аяқталды. Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде атқарылды. «Зор рух» қайырымдылық қоры жүргізген мониторинг мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, рәсімдеріне және қолжетімділігіне қазақстандықтардың қанағаттану деңгейін анықтау. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мониторингпен 65 ең әлеуметтік маңызды деген мемлекеттік қызмет көрсету қамтылды. Олардың ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою, жедел медициналық жәрдем шақыру, тауарларды кедендік тазарту, еліміздің Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметкерлерін тіркеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және тұрғындар үшін маңызды өзге де қызметтер бар.
Сұрау жүргізу кезінде айқындық, заңдылық, объективтілік, жанжақтылық, шынайылық және бейтараптық принциптері сақталды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ақпарат, қолжетімділік, қызметкерлер, рәсімдер, мерзімдер, шығындар, кері байланыс, нәтиже сияқты критерилермен бағаланды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін респонденттер стандарттарға сәйкес қызметтер көрсететін органдар жұмысына байланысты әр түрлі құрылымдар мен ұйымдарға жүгінді.
Сұрау салу қорытындысы бойынша 14219 қызмет алушы болса, бұл жартысынан көбінің (51,5%) сол және өзге де мемлекеттік қызмет көрсететін қызмет беруші офисіне жүгінгендігін анықтап отыр. Ал 40,3% жағдайында олар ХҚКО жүгінгендігін, тек соның 1,6% ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызметті ала алған. Тағы қызмет алушылардың 8,2% мемлекеттік қызметті өздерінің мобильдік қосымшасындағы және компьютеріндегі порталдан алған.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша рейтингте ең жоғары бағаны «Мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу», «Өтуге рұқсаттама беру және шекаралық белдеуде болу», «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқып жатқандарға жатақхана беру», «Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беру, негізгі орта, бастауыш жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымына қабылдау», «Экономикалық шоғырлануға келісім туралы өтініштерді қарау», «Таурлардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Иондаушы сәулелерді генерациялайтын құрылғылар мен қондырғылармен жұмыс істеуге рұқсаттама беру» алды.
Айтарлықтай төмен бағамен бағаланғандар - «Жедел медициналық жәрдем», «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу», «Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Тауарлық белгіні тіркеу», «Мүгедектерге оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу» және өзгелері.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бағытында орталық органдардың рейтингі қалыптастырылды. Оларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі (орташа балл 4,99 және 4,95 сәйкесінше) көшбасшы болып табылады. Рейтингте сондай-ақ Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Энергетика министрлігі, Ұлттық банк, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі жоғары позицияларда.
Негізінен азаматтардың наразылығы кері байланыс сапасынан, мемлекеттік қызмет мерзімі мен шығынмен көрініс тапқан, сондай-ақ, қызмет көрсетуші қызметкерлер құзыреті мен жеделдігінің жетіспеушілігінен туындаған.
Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жақсарту, соның ішінде оларды жеңілдету, құжаттар тізімі мен мерзімін қысқарту, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін ұсынымдар пысықталды.
Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қанағаттану деңгейі 74,8% (бес балдық баған бойынша орташа баға 4,73 балды құрады) болса, бұл өткен жылғыдан 2,4% жоғары (в 2018 жылы қанағаттану деңгейі 72,4% құрады).
Көрсету сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметтің айтарлықтай бөлігінің әлеуеті бар екендігін атап көрсету керек. Тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдар жұмысын оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл жерде мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік органдар арасындағы сапалы өзара байланыс та маңызды.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар