Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Құрылымына сай атаулары да өзгерсе...

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтайландыру тиімділігіне орай аудандағы Розовка ауылы­на Максимовка, Ефремовка ауылына Даниловка, Мичурин ауылына Госплемстанса, Шақат ауылына Заозерное шағын ауылдары қосылатын болды.

Құрылымына сай атаулары да өзгерсе...

Оңтайландыру мақсатын түсіндіру бағытында аудан әкімдігі Розовка, Ефремовка, Мичурин атындағы, Шақат ауылдарында жергілікті тұр­ғындарымен кездесіп жиындар өткізуде.

Яғни, тиімді оңтайлан­дыру барысында ауылдар­дың дамуы 2025 жылға де­йін­гі «Өңірлерді дамыту» бағ­дар­ламасына сай жүр­гізіледі. Бағ­­дарлама мемле­кеттік, әлеу­меттік қыз­мет­тер­мен қам­тыл­ған жа­ңа заман ауыл­­дарын қа­лып­тастыруға мүм­кіндік береді.

Ал 140 тұрғын қалған 37 үй­ден тұратын Заозерное ша­ғын ауы­лында ешбір әлеу­мет­тік ны­сан жоқ екен. Кіре­беріс жол жөнделмек. Екі аралыққа оқу­шылар мектеп автобусымен бару­да.

– Шағын ауылды қағаз жү­зінде таратып, Шақат ауы­­лының құрамына қосу тиімді. Заозер­­ное Шақат ауылы құра­мына енсе, 800 тұр­­ғыны бар қос ауылға бө­лі­нетін қаражат­тың игі­лігін көрер едік, – дейді ауыл әкімі Базарбай Әбиев.

Госплемстанса бөлімшесі де Мичурин атындағы ауылға қосылып, тұрғындар саны 2 жарым мыңға жетпекші.

Ал биыл елімізде ха­лық санағының өтетіні бел­гілі. Ауылдар санының рет­ке келуі де, аудандағы Гри­горьевка, Ольгинка, Луганск, Чер­но­рецк, Рождественка сияқ­­ты ауыл­дық аумақ атаула­рының да аты-жөндері енді елдік мүд­деге сай өзгергені қажет-ақ.

Бұл күндері өңірдегі аудан­дарға оралмандар, оңтүстіктен қоныс аударушылар көшіп келуде.

 

Павлодар облысы,

Павлодар ауданы