Түркістан облыстық Пушкин атындағы кітапханада елімізге кеңінен танымал жазушы-журналист Мархабат Байғұттың 7 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен өткен жылдың соңында жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсіміне ақын-жазушылар және оның шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандар қатысты. Жазушы Тіл саясаты комитетіне 5 мың таралыммен шыққан 7 томдық кітабын еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға тарату туралы өтінішін айтыпты.
Әдеби кеште кітапханашылар Мархабат Байғұттың мектеп оқушылары туралы жазған «Тоғызыншы сынып» пьесасын қойып, келген қонақтарды терең ойға батырды. Бұл қойылымда тура жолдан тайып, нашаға елітіп жас өмірін қор еткен оқушылардың өмірі баяндалады. Әсерлі шыққан қойылымға разы болған көрермендер ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ кеш барысында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев бастаған делегация жазушыға жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Ерлан Күзембаев кеш иесінің әдебиетке сіңірген еңбегі мен жас дарындарға жол ашуда атқарған жұмыстары жөнінде тарқатып айтты. «Мархабат Байғұт әрқашан жастарды қолдап жүреді. Осы орайда, шығармашыл жастарға қол ұшын созу мақсатында 2013 жылы Түлкібаста Мархабат ағаның мұрындық болуымен «Мархабат-Мирас» қоғамдық қоры құрылған болатын. Аталған қор осы уақытқа дейін көптеген игі істерді жүзеге асырды. Аудандықтан бастап халықаралық деңгейге дейін әдеби байқаулар өткізілді, жас ақын-жазушылардың кітаптары шығарылды. Жастардың елге танылып, шыңдалуына жол ашты. «Мархабат оқулары», «Шырайлым-Шұбайқызылым» байқаулары да көптеген таланттардың танылуына септігін тигізді. Ауданда «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» фестивалі өтті. Мұнда жас суретшілер, қолөнер шеберлері өз туындыларын көпшілікке көрсетті. Мархабат ағаның туған жері – Пістелі ауылында өтетін «Таупістелі тағылымы» жобасы қос буын арасында ұрпақтар сабақтастығының орнауында үлкен рөл атқарып келеді. Туған жерді түлетуде Мархабат ағаның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қай істе болсын, біз әрқашан жазушы ағамызға арқа сүйеп жүреміз», - деген аудан әкімінің орынбасары жазушыға ұзақ ғұмыр тілеп, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, түлкібастық ақын, Мархабат ағаның құлын-тайдай тебісіп өскен сыныптасы Әбдібек Аралбайұлы құрдасына арнау өлең оқып берді. Марқасқа ақын Нармахан Бегалы Мархабат Байғұттың шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталды. Ал, ардагер журналист Байдулла Қонысбек Мархабат Байғұтпен «Оңтүстік Қазақстан» газетінде етене жақын араласқанын есіне алды. Өз кезегінде жазушы Мархабат Байғұт қонақтарға ризашылығын жеткізіп, қазіргі оқырмандар туралы ой қозғады. «Қазір біздің жазғандарымызды ешкім оқымайтын шығар деп ойлайтынмын. «Оқымайды» деп те ренжімеймін. Бірақ, олай емес екен. Іздеп жүріп оқитындар бар секілді. Былтыр Ақтөбеден Әлихан деген 23 жастағы жігіт мені іздеп Шымкентке келді. Ол менің бір мақаламды оқып қалып содан мені іздепті. Кітап сұрап келген оған үйдегі 3 томдық кітабымды беріп жібердім. Осындай оқырмандардың бары қуантады», - деді жазушы.
Әсерлі кеш соңында оқырмандар жазушыменестелік суретке түсіп, аз-кем тілдесіп қалуға тырысып жатты.
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Бүгін, 17:32
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:21
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бір бөлігі табылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
Қоғам • Бүгін, 17:07
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар