Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екі ел ынтымақтастығы ХХІ ғасырдағы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл деңгейдегі ынтымақтастыққа жетуде өткен жылы Вашингтон қаласында екі ел басшылары — ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің нәтижелігі ықпал еткен.
Екі ел арасында саяси қатынастар, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара ынтымақтастық, қауіпсіздік және халықаралық терроризмге қарсы күрес, қару таратпау мен қарусыздандыру, адам құқықтары мен діни бостандық және басқа да салаларға өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша әртүрлі деңгейде бірнеше алаңдар форматында сапалы диалог жүргізілуде.
Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Қазақстан тарапы Құрама Штаттарды инвестиция, жаңа технология мен білімнің, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі стандарттардың қайнар көзі ретінде қарастыратынын айтты.