Кездесуден кейін Майк Помпео Twitter парақшасына «Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу мүмкіндігі туды. Біз 2020 жылы Қазақстанмен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз» деп жазды.
Кеше елордаға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның іссапармен келгенін хабарлаған едік.
Қазақстанға сапары барысында М.Помпео ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.