Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жалпы кәсіподақтар ұйымының ұсыныстарын партияның Парламенттегі фракциясы әркез қолдап отырады. Мысалы, кәсіподақ өкілдері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына 25 ұсыныс берсе, оның 14-і мақұлданған. Әлеуметтік еңбек саласында бірлесіп шешетін мәселе әлі де жеткілікті.
Оның бастысы – еңбек дауларының алдын алу. Осы орайда татуластыру орталықтарында құқықтық кеңес беру қызметін ашу туралы уағдаластық жасалды. Былтыр кәсіподақ ұйымдары 1700 медиациялық рәсім өткізіп, 1500 еңбек дауын шешкен. 2019 жылы еңбек заңнамаларының бұзылуына қатысты 17 мыңнан астам шағым түскен екен. Оның 11 мыңы бойынша нақты көмек көрсетілген.