08 Тамыз, 2013

Жығылған күреске тоймайды

806 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Әлиевтің туыстарымен болған сот процесінде тағы жеңіп шықты

Қазақта: «Жығылған күреске тоймайды», деген мақал бар. Аты атышулы Рахат Әлиев туғандарының шегі де, шеті де көрінбейтін сот даулары мен олардағы ұдайы жеңілістері туралы естігенде, осы нақыл сөз есіңе еріксіз түседі екен.

Қазақстан Әлиевтің туыстарымен болған сот процесінде тағы жеңіп шықты

Қазақта: «Жығылған күреске тоймайды», деген мақал бар. Аты атышулы Рахат Әлиев туғандарының шегі де, шеті де көрінбейтін сот даулары мен олардағы ұдайы жеңілістері туралы естігенде, осы нақыл сөз есіңе еріксіз түседі екен.

Арбитражды трибунал бұл жолы Әлиев-Шораз туыстарының Қазақстанға қарсы берген талап-арызды қарау қорытындысында жауапкердің пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы кеше Globalarbitrationreview.com заң­гер­лік сайты хабарлады. Талап-арызды Алматы облысында құс өсірумен және оның өнімдерін өңдеумен айналысатын «Руби Роз Агрикол» ЖШС беріпті. Ал оның иесі Рахат Әлиевтің жездесі Иссам Хуранидің бизнес бойынша әріптесі Кассем Омар Абдаллах болып шықты. Компания 2010 жылғы қазанда Қазақстаннан 2014 млн. доллар мөлшеріндегі ақша талап етіпті. Олар Рахат Әлиевтің басындағы жағдайға байланысты мемлекеттік органдардың саяси астармен өз активтерін алып қойғанына шағым білдірді. Шағым берушілер талап-арыз беруге негіз ретінде Қазақстан мен кәсіпорын арасында 1999 жылы қол қойылған инвестициялық келісімшартты, сондай-ақ «Шетел инвестициялары туралы» заңды алға тартты. Ал Қазақстан жағы бұған өзінің қарсы тұжырымдарын ұсынды. Содан кейін талап-арыз беруші компания жоғарыдағы аталған соманы 63 млн. долларға дейін төмен түсірді.

Арбитражды сот аталмыш істі қарап, талап-арыз берушінің заңды және инвестициялық келісімшарт ережелерін қолдануға қатысты негізгі тұжырымдарының бәрін жоққа шығарды. Трибунал сот және басқа да шығындарды өтеу мәсе­лесін қосымша қарауға қал­дыр­ды.

Бұдан бұрын Қазақстан Рахат Әлиевтің тағы бір туысы Девинчи Хуранимен арада болған арбитражды істі де ұтып алған болатын. Сол жолы Ху­ра­ни Қаратөбе кен орнына өзі жұм­саған мыс инвес­тицияны қай­тарып алмақ болған екен. Тағы төрт жыл бұрын Хурани бас­қа­ратын Caratube International Oil Company LLP (CIOC) компаниясы Қазақстаннан 1,2 млрд. доллар ақша өндіріп алмақ болып, арбитражды трибуналға шағым түсірген еді. Бірақ онда да ештеңе өндіре алмай қойған болатын.

Осыдан кейін жоғарыда мақал­ды есіңе алмай көр! Әлде бұл: «Атың шықпаса, жер өртенің ке­рі» ме? Осындай тірліктері арқы­лы өздерінің әлі де күресетін қау­қарлары бар екенін білдіріп қойғылары келе ме екен?

Құрыш НҰРЫМБЕТ.