08 Тамыз, 2013

Із

283 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қамшының сабындай қысқа өмір-ай... Тіршілігінде халқымыздың абзал азаматтарының қатарынан табылған, ашық дидары күлімдеп, маңдайы жарқырап жүретін Әшімжан Ахметов бүгін арамызда жоқ. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы үшін іске асыру керек деген үлкен ойларын, ғылым мен білім саласына енгіземін деген үлкен арманын ол өзімен бірге ала кетті. Шын мәніндегі қайраткер-ғалым еді. Елім, халқым деп қызмет еткен осындай парасатты адамның өмірінің қысқа болғанына өкінесің...

Қамшының сабындай қысқа өмір-ай... Тіршілігінде халқымыздың абзал азаматтарының қатарынан табылған, ашық дидары күлімдеп, маңдайы жарқырап жүретін Әшімжан Ахметов бүгін арамызда жоқ. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы үшін іске асыру керек деген үлкен ойларын, ғылым мен білім саласына енгіземін деген үлкен арманын ол өзімен бірге ала кетті. Шын мәніндегі қайраткер-ғалым еді. Елім, халқым деп қызмет еткен осындай парасатты адамның өмірінің қысқа болғанына өкінесің...

Әшімжанмен институтқа түсуге келген көкөрім, бозбала шақта танысып, екі жыл студенттік өмірдің арманшыл жарқын да жақсы күндерін, білімге алаңсыз құлшынған сәттерін бірге өткіздік. Ол ә дегеннен-ақ біздің арамызда жалғыз озат студент, білім бәйгесінен оза шауып, Ғани Мұратбаев атындағы үздік стипендияның иегері атанып, курстың көшбасшысы болып шыға келді. Ойдан-қырдан қосылып, бірімізді біріміз алаламай үлкен қалада жастық дәуреннің қызығын да, шыжығын да бірге бөлісіп жүрген біздер Әшімжанды тек қана осындай өнеге-өреден көруге, сондай болуға тиісті адамдай қабылдадық. Өмірінің соңғы сәтіне дейін ол осынысынан айнымады. Солай, қолға алған қай істе де алдыңғы қатарда ғана жүретін азамат болып қалды.

Әшімжан үшінші курстан бастап Ленинградтың технология институтына ауысып, оны үздік бітіріп шықты да, өзін ұядан ұшырған Таразға оралды. Жай ғана оралған жоқ, қолында Қазақстан химия өндірісінің алыбы – қосарлы суперфосфат зауытына талапты жас маман ретінде жұмысқа жіберілген жолдамасы бар. Тағы да осы арада басымыз тоқайласып, үлкен зауытта бірге еңбек еттік. Жалындап жүріп жұмыс жасады, білімін де, білігін де көрсете білді. Өзін маман ретінде ғана емес, адам ретінде танытты. Өндірісте шыңдалу мектебінен өткен өзіміздің Әшекең Жамбыл су шаруашылығы және құрылыс институтына ауысып, оқытушы-ғалымдық қызметке біржола бет бұрды. Нева жағасындағы алыс қалада жүріп көңіліне тоқып қайтқан ғылыми іргелі тақырыпты қаузап, ақыры сол Ленинградтың технология институтында алдымен кандидаттық, содан соң көп ұзамай докторлық диссертацияларын қорғады.

Әшімжанның әр ғалымға өнеге-үлгі боларлықтай бір ғажап қасиеті, қолға алған жұмыстарын мейлі шаруашылық немесе ғылыми болсын, барынша өте ұқыптылықпен терең талдаудан өткізіп, нәтижесіне көзді жеткізіп барып, көптің талқысына салатын. Бұған шыдам да, табандылық та қажет еді, осының бәрі оның адамдық парасатында, ғалымдық бейнесінде жетіліп, артылып жататын. 1992 жылы ол докторлық диссертациясын қорғағанда, жанкүйер досы болғасын, тілектестігім мен қолдауымды білдіру үшін Жамбылдан арнайы келіп, досымның қасынан табылдым. Сыншыл да қатаң, талапшыл үлкен ғылыми ортада қорғауға ұсынылған еңбектің тақырыбы органикалық емес заттар технологиясы мен экология ғылымы проблемасының, екі ғылым саласының ұштасқан жерінен бастау алып, дамып, негізгі ауқымды іргелі ғылыми қағиданың орнығып, өрісін табар арнасы еді. Мінбеде тұрған, ішкі толқуын қашандағыдай сабырлы ұстамдылығына жеңдіре білген Әшімжан айлар, жылдар бойы түбегейлеп зерттеген тақырыбының тұжырымдамасын қолмен қойғандай баяндап шықты. Өзектілігіне, ғылыми сарабдалдықпен орындалғанына беделді ғылыми кеңестің ешбір күмәні болмаса да, Әшімжанның бұл еңбегі қызу да жан-жақты талқыланды. Білімі де, зердесі де сұңғыла жігітке әрқайсысының салмағы да, мәні де зор 37 сұрақ қойылды. Кеңес мүшелері – химия ғылымының мүйі­зі қарағайдай атақты білгірлері өзіне аса сенімді, докторлық атақты қорғауға ұсынған тақырыбын өндіріс тәжірибесімен ұштастыра зерттеп, тамаша зерделей білген жас ғалымның қойылған әрбір сауалға күмәнсіз, орнықты, мүдірмей берген жауабына өте риза болысты.

ТМД елдеріне аты мәлім ғалым, фосфор өнеркәсібінің негізін салушылардың бірі профессор В.А. Ершов мінбеге шығып, ғылыми кеңестің сол күнгі жұмысына, ғалым Әшімжанның табысты еңбегіне шынайы ризашылығын өзгеше бір ықыласпен білдірді: «Мен 20 жыл бойы табан аударма стан осы ғылыми кеңестің мүшесі болған кезімде бір жолы ғылым докторы дәрежесіне ғылыми еңбегін қорғаған бір ғалымға 21 сұрақ берілген еді. Бұл осында отырғандардың көпшілігінің жадында. Соны көп жылдардан бері әңгіме етіп келіп едік, ал бүгін міне қазақстандық әріптесіміз Әшімжан Ахметовке 37 сұрақ берілді. Көңіл аударуларыңызды сұраймын, анау-мынау емес, 37 сұрақ! Және қандай сұрақтар! Соның біріне де мүдірмеді сабазың! Ғылыми тұрғыдан мейлінше өте түсінікті, тамаша, сауатты жауап алдық, сондықтан мен бұл жас ғалымның докторлық дәреже алуға әбден лайықты екеніне екі қолымды бірдей көтеріп қолдап дауыс беремін және барлық кеңес мүшелерінің оны қолдауын сұраймын». Қандай әділ айтылған баға! Досыма деген мақтаныш сезімі көңілімнен асып, төгіліп, қуаныштан толқып отырдым.

Өмір көші өз жолынан айнымай өтіп жатты. Ұмытпасам, 1993 жылы техника ғылымдарының докторы өзіміздің Әшекең Жамбылға оралып, «Қаратау фосфор холдинг компаниясында» (қазіргі «Казфосфат» ЖШС) бас директордың орынбасарлығы қызметіне келді. Жаңарудың сол алғашқы қиын да күрделі жылдарында химиялық зауыттарда, ғылыми зерттеу және жобалау институттарында жаңа технологияларды өндіріске енгізудің науқаны басталды. Пештен шығып, ауада жанып жатқан улы газды табиғи газдың орнына пайдалану, қоршаған ортаға фосфор қалдықтарының зиянын тигізбес үшін оларды минералды тыңайтқыштарға және басқа өнеркәсіп тауарларына айналдырудың өмірлік мәні зор жұмыстары өндіріске бірінен соң бірі енгізіліп жатты. Әшімжан осы жұмысқа қос білегін сыбанып белсене кірісіп кетті. Күні-түні дамылсыз еңбек етті. Демалыстың не екенін қаперіне де алмады. Ой тереңінен қайнап шыққан идеяларды өмірдің, ең бастысы, адам тіршілігінің қажеттілігіне айналдыру жолында ол өзінің білімін де, ұйымдастырушылық қабілетін де жұмсай білді. Жұртты соңынан ерте білді, жақсы істердің табысты боларына сендіре білді. Досымның сонау жас кездерден бергі адамдық өн-бойынан табылған көшбасшылық сол қасиеті осы тұста да өзінің дағдысынан жаңылған жоқ.

Қаржы тапшылығы, әртүрлі эконо­микалық, өндірістік іркілістер іргелі үлкен мақсатты бірден ойдағыдай жүзеге асырып тастауға мұрша бермесе де, Әшімжан сынды ғалым-маман қолға алып, бастаған жұмыс өзінің өзектілігін жоғалтпады, күн өткен сайын қажеттілігі айқын сезіліп, өміршеңдігін дәлелдей түсті, өйткені бұл еліміздің инновациялық дамуына негіз болатындай қарышты талпыныс еді. Сол әрқилы қиыншылығы бастан асқан кездегі Әшімжан Ахметов жетекшілік жасаған тікелей өндірістің қайнаған ошағында жүйелі басталған ғылыми-практикалық іргелі жұмыстар осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді деген аталы сөздің дәйегі осы да.

Ол алдына ауқымды мақсаттар қоюдан, соны іске асыруға құлшынудан өзіне өзгеше талмас жігер, қуат алатындай күйде жүретін. Өміршең ойларын жүзеге асырудың нақты жолы халық атынан жоғары заң шығару билігіне өкіл болып бару деп білді де, келесі жылы Әшімжан Жоғарғы Кеңестің депутаттығына өз кандидатурасын ұсынуға бел буды. Екеуміз Жаңа Жамбыл фосфор зауытының бас директоры Талғат Әжібаевтың алдына бардық. Мен зауыттың бас инженері болып қызмет жасайтынмын. Әшекең өзі жан-жақты бүге-шігесіне дейін әбден ойластырып, мұқият жазып-сызған бағдарламасын, жоспарын түсіндіріп айтып берді. Әр сөзі, әр сөйлемі өмірдің жаңа кең тынысын білдіріп, халықтың тіршілігін, тұрмысын жақсарта түсудің келелі нақты мәселелерінің жанды көріністері ап-айқын мағынасымен сөйлеп тұрған өміршең бағдарлама оның азаматтық биік кредосы болатын. Ақылдастық, өзара пікірлестік. Бұл кездесудің түйіні – әріптесіміз үлкен жолға шығуға нартәуекел жасады.

Бұл 1994 жылғы есте қалған оқиға­лардың бірі еді. 1996 жылғы Парламент сайлауында да ол жерлестерінің сенімінен шықты. Парасаты биік, өмірлік мақсат-мұратынан аласармаған нағыз азаматқа ел-жұртының бұдан асқан бағасы бола ма! Әшімжанның халықтың сенімін ақтаған, көңілінен шыққан көп жұмысының бірі де, бірегейі де бір кездері негізі қаланған химия өнеркәсібінің Жамбыл облысындағы сақталып қалуы еді.

Айлар бойы еңбекақысын ала алмай, аштық жариялап жатқан Жаңатас пен Жамбылдағы химия өнеркәсібінің қызметші, жұмысшыларына барып жағдайды өз көзімен көріп, біліп, олармен бірге күйзелген сәттеріне де куә болғанмын. Сондағы Әшімжанның жан толқынысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол сапардан Астанаға оралған Әшімжан Ахметов Үкіметтің атына депутаттық сауал жолдап, шынайы талаптарының шешілуінен торыға бастағандарға көмек жасатып, аштықты т