Абай • 06 Ақпан, 2020

«Абай»: Телехикая актерлеріне кастинг жарияланды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды. Бұл туралы корпорацияның Баспасөз қызметі хабарлады. 

«Абай»: Телехикая актерлеріне кастинг жарияланды

Кастингке арнайы актерлік білімі бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.

«Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінім қабылданған болатын. Бүгіннен бастап телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды» делінген хабарламада. 



Соңғы жаңалықтар