09 Тамыз, 2013

Диқанкөлдiң қымызы-ай!

363 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Оңтүстiкте қымыз баптайтын қазақ­тар, Құдайға шүкiр, қазiр аз емес. Тiптi, қымызды дайындалу сапасына, дәмiне, бапталуына қарай осы өңiрдiң өзiнде Түлкiбастың қымызы, Қазығұрттың қымызы, Қазығұрттың iшiнде – Қаржанның қымызы, Төлебидiң қымызы, әсiресе, Диқанкөлдiң қымызы деп айдар тағып, айшықтап атап жатады. Бiр шетi Созақ, екiншi қиыры Мақтааралды алып жатқан аймағымыздың қай түкпiрiнен де ұлттық сусынымыздың қадiрi мен қасиетiн бағалай бiлетiн, оны баптаудың қыр-сырын жете меңгерген бал бармақты шеберлердi таба аласыз.

Оңтүстiкте қымыз баптайтын қазақ­тар, Құдайға шүкiр, қазiр аз емес. Тiптi, қымызды дайындалу сапасына, дәмiне, бапталуына қарай осы өңiрдiң өзiнде Түлкiбастың қымызы, Қазығұрттың қымызы, Қазығұрттың iшiнде – Қаржанның қымызы, Төлебидiң қымызы, әсiресе, Диқанкөлдiң қымызы деп айдар тағып, айшықтап атап жатады. Бiр шетi Созақ, екiншi қиыры Мақтааралды алып жатқан аймағымыздың қай түкпiрiнен де ұлттық сусынымыздың қадiрi мен қасиетiн бағалай бiлетiн, оны баптаудың қыр-сырын жете меңгерген бал бармақты шеберлердi таба аласыз.

Тек бабын бiлiп, дайындау технологиясына ықыласпен мән бергенде ғана оның сапасы мен сұранысы арта түседi. Қымызға құмар жұрттың көбiнесе «Шiркiн, Диқанкөлдiң қымызы-ай» деп тамсанатыны осыдан болса керек. Бұл ауылда бие сауып, қымыз ашытпайтын үй жоқ десе де болғандай. Кедей дегенiнiң өзi бiр-екi жылқы ұстайды. Нарық заманының бәсекелестiк үлгiсiн де дәл осы ауылдан табасыз. Өйткенi, өз қымызының өзгеше дәмiмен тамсандырып, оны iшкен адамның тiлiн үйiру үшiн бұл сусынды диқанкөлдiк қымыз шеберлерi таза дайындап, талғаммен дәмдеуге тырысады. Себебi, қаладағы су қосып, күрiштiң суын араластыратын, тағы сол сияқты қитұрқы әдiспен көлемiн көбейтiп, пайдасын асырғысы келетiн кейбiр алыпсатарлардай емес, қастерлi сусынның қадiрiн кетiрмей, алушыларға адал асын ұсынып, алғыс алып жүрген жандар мұнда жетерлiк. Содан да болар таза қымыз iздегендер қаладағы қымызханаларды мiсе тұтпай, Диқанкөлге – бал қымыз сапырған ауылға тартып кетедi. Айналайын, ауыл­дың адамдарының пейiлi де, мейiрi де көл-көсiр ғой, шiркiн. Сондай жайдары жандарды Сәрсенбай Iзбасаров ағайдың отбасынан көрген қымызқұмарлар атбасын тiке осы шаңыраққа бұратыны да сондықтан. Келген адамға күлiмдеп дас­тарқанын жайып, тандырдың шоғына пiскен ыстық наны мен күбiден шыққан сап-сары майын қойып, тостаған толы қымызын ұсынып, құрақ ұшып қарсы алатын Гүлсiм апаның тәлiмдi тәрбиесi келiнi Күмiсайға да көшкен. Бұл үйден бiр рет келiп қымыздың дәмiн татқан адам басқа жаққа бұрылмайды.

– Бие сауып, қымыз баптауды 1995 жылдан қолға алдық, – дейдi қымыз дайындаудың бапкерi болып алған осы үйдiң үлкен ұлы Нұрлан. – Бәйдiбек ауданында тұратын Тоқан нағашым ауылға қыдырып келген сайын осындағы қымыз ашытатын үйлерден қымыз сатып алдырып iшетiн. Бiр келгенiнде ол кiсi «бие байлайтын бас­тырма салыңдар» деп машинамен ағаш, шифер әкелiп тастады да, есiк алдына бiр биенi байлап кеттi. Содан бастап бұл тiрлiктi кәсiпке айналдырдық.

– Бұған дейiн бие түгiлi сиыр са­уып көрмеген жан едiм. Адам ниеттенсе бәрiнiң де бабын табады. Бастапқыда өзiм сауып үйрендiм. Кейiннен келiнiм Күмiсай, тiптi Нұрланымның өзi де биенiң бауырынан шықпайтын болды. Бұл күндерi 9-шы, 6-шы сыныпта оқитын немерелерiм Назгүл мен Аяулым да жетi биенi қатар отырып сауа бередi, – дейдi Гүлсiм апай.

Қазiр шүкiр, жұрт қымыздың қадiрiн бiлетiн болды. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында ұлттық бұл сусынды өткiзудiң өзi мұң едi.

– Ауылдағыларға бұл ас таңсық емес. Сондықтан арқалап Шымкентке апарып сатамыз. Ол кезде қалада да қымыз өткiзетiн жер көп емес едi. «Алатау» шағын ауданындағы шағын қымызханаға немесе базарға апарып сатамыз. Ол уақытта қалаға автобус қана қатынайды. Қазiргiдей құйып апаратын оңтайлы ыдыс та жоқ. 20-25 литр қымызды меске құйып алып, арқаласақ, еңкейгенде қымызымыз местiң аузынан ақтарылып, әбiгерге түсетiнбiз. Қалаға жеткен соң тағы месiмiздi сүйрелеп жүргенiмiз. Қазiргiдей емес, қымызды алушылар аз болған соң, өткен бағасына арзан берiп кетемiз. Сөйтiп жүрiп тиынды тиынға қосып, әйтеуiр, тырмысып тiрлiк еттiк қой, – дейдi Гүлсiм апай өткен күндерге шегiнiс жасап.

Иә, сол еңбектерi еш кеткен жоқ. Сәрсенбай көкенiң қорасындағы малының басы, қазықтағы жылқысының қарамы көбейдi. Ескi үйдiң алдынан жаңа даңғыраған еңселi үй салып алды. Нұрланы машинаның түр-түрiн ауыстырып мiнiп жүр. Осының бәрi бейнеттiң жемiсi. Ол әрине, оңай келген жоқ. Бие байлап, қымыз баптаудың да азабы аз емес. Таңғы