09 Тамыз, 2013

Қаламқас

560 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Артына әсем әні мен жүрек тебірентер жыр-толғауларын қалдырған біртуар өнер иесі Қаламқас Орашева небір дәулескер күйшілер, дүлдүл жыраулар мен бұлбұл әншілер өткен Ақжайық өңірінде дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға құмар болған Қаламқас алтыншы сыныпта оқып жүргенде ақын Тайыр Жароковтың «Зоя туралы» дастанын мектеп сахнасында саңқылдатып, алғаш рет көзге түседі.

 

Артына әсем әні мен жүрек тебірентер жыр-толғауларын қалдырған біртуар өнер иесі Қаламқас Орашева небір дәулескер күйшілер, дүлдүл жыраулар мен бұлбұл әншілер өткен Ақжайық өңірінде дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға құмар болған Қаламқас алтыншы сыныпта оқып жүргенде ақын Тайыр Жароковтың «Зоя туралы» дастанын мектеп сахнасында саңқылдатып, алғаш рет көзге түседі.

Ол сегізінші сыныпты өзінің туған ауылы Алғабаста тәмамдап, одан кейін Орал қаласындағы мектеп-интернатта оқиды. Мұнда да қолы босай қалса, домбыраға қосылып ән айту әдетіне айналады. Жас қыздың жүрегіне «шіркін, Мұхит бабамдай кең даланы жаңғыртып ән салсам, Ғарифолла ағадай сахна шебері болсам» деген арман сол кезде ұялайды.

1972 жылы мектепті бітіріп, Оралдан үйіне келген Қаламқас ата-анасына:

– Мен Ғарифолла Құрман­ғалиевтың класына оқуға түскім келеді, ақ баталарыңызды бер­сеңіздер. Алматыға барамын – деп өтініш білдіреді. Әкесі Қожахмет екі сөзге келмей: «Алдыңнан жа­рылқасын!» деп қызына ақ жол тілейді.

Аяулы әкесі жайлы өз есте­лігінде Қаламқас былай дейді: «Әкем ақынжанды кісі еді. Жанынан өлең шығаратын. Абай­дың көп өлеңін жатқа айтатын. Абайдың өлеңдері саналы адамға әсер етпей қоймайды ғой. Әкем терең түсініп, керек жерін жаттап алатын да әңгіме арасында қосып отыратын. Ол өте сабырлы, әңгімені мәнерлеп айтушы еді, өзі небары төрт-ақ сынып бітірген, ал көңіліне тоқығаны өте көп еді. Мен төртінші сыныптан бастап домбырамен ән салдым. Сонда әкем «осы қызым түбінде әртіс болады деп мақтанып отыратын».

Қаламқастың жолы болып, өзі қалаған оқуға түсіп кетті. Жақсы оқыды. Өнерімен де көзге түсті. Алматыдан демалысқа келгенде Қаламқастың әнін тыңдаймыз деп көрші-қолаң жинала қалатын. Ондайда жас әнші тартынбай домбырасын қолына алып, құлақ күйін келтіретін де термелерін төкпелей жөнелетін.

Мезгілді уақыт болғанда,

Опасыз мынау жалғанда,

Ажалы қарсы келгенде,

Қараңғы көрге кіргенде,

Қасыңда тұрар жан бар ма?

Осының бәрін ойласаң,

Өткенге бекер өкініп,

Құр жылаудан сән бар ма?..

Шіркін, қызығы мол студент­тік шақтарға не жетсін?! Алма­тыдағы бұрынғы Красин, Киров көшелерінің қиылысында орна­ласқан республикалық эстрада-цирк студиясы бір сыныпта дауыс­ты жөндеп жатса, бірінде ән айтылып, домбыра тартылып дегендей, әркез музыка құшағында тербеліп тұрушы еді.

Өнер саласында телқоңырдай бірге жүрген Жүсекең мен Ғаре­кеңнің класында шәкірттер ән орындау шеберлігін шыңдайтын. Өнерге шөлдеп келген «жүзден жүйрік» дарынды жастар ортаға шығып, кезекпен ән салады. Ғарекең Қаламқас домбыраны қолға алған кезде екі көзін жұмып ұйып тыңдайтын.

Әнші қыз студияны бітіргенде Ғарекеңнен Мұхит шығармаларын ғана емес, ондаған халық әндерін де үйреніп шықты. Әттең!.. Оның осындай деңгейге көтерілгенін әкесі көре алмады.

Жасынан қисса-дастандарды жаттап өскен алғыр қыз өнер сахнасында жүріп ән-жыр қоржынын толықтыра берді.

Жақында Қазақ радиосының алтын қорындағы материалдарды ақтарып отырып, таспаға жазып алынған Қаламқастың сұхбат-концертіне тап болдым. Басқа жұмыс жайына қалды. Қаламқасқа құлақ түрдім.

– Мұхит мектебінің тәлімгері, Қазақстанның халық әртісі Ға­рифолла Құрманғалиевқа айтар алғысым шексіз. Сол сияқ­ты, жыршы Наурызбектің шы­ғармаларымен танысуым да қана­тымды қатайта түсті. Ойлы сөз­дерге, мазмұнды шумақтарға көбірек көңіл бөлетін болдым. Көп жағдайда бағаны бір ауыз сөзбен беретін кемеңгер халқымыздың даналық сөздерінде тәрбиелік мән, ғибрат, үлкен мағына жатқанын аңғардым.

Махамбет поэзиясынан өжеттік пен ерлікті үйрендім. Бұқар жырларынан парасаттылықты ұқтым. Республикада жыраулық мектеп болмаса да үлкен ізденістің арқасында көне жыраулардың ән-жырларын үйрендім. Халықтың кейбір ұмыт бола бастаған әуендерін ел арасынан іздеп жүріп үйрендім, депті ол.

Өнер адамы үнемі ізденісте болуға тиіс. Әйтпесе, бойындағы қабілетін жоғалтып алуы оп-оңай. Таңдаған жолы Қаламқасты да талай сындарға салды. Ондайда жолдасы Жақсыл