Абай • 11 Ақпан, 2020

Ұлылықты ұлықтау – парыз

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын­дағы айтылған пікірлері мен тұжырымдары орынды. Тарихи тамырластығы тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Әзербайжан мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығына жан-жақты қамқорлық көрсетіп келеді.

Ұлылықты ұлықтау – парыз

Соның бір айғағындай Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысында түркі әлемін жақындата түсетін ғылыми және мәдени интеграцияны ілгерілету бойынша нақты қадамдар жасалып, келешек жоспарын айқындады. Соның ішінде түркі әлеміндегі Абай жылының жариялануы баршамызды қуантқан жаңалық болды. Дүниежүзілік даңққа ие болған әйгілі әл-Фараби мен Абай есімдері менің Отанымда жақсы таныс. Жарық жұлдыз Абайдың құдіретті поэзиясы мәңгілік өміршеңдігімен Түркі ғана емес, әлем тарихында өшпес із қалдырды. Бауырлас халықтардың бірлігі үшін әдеби байланыстарды арттыру және ақын-жазушылардың аралас-құралас­тығын нығайтудың маңызы зор. Қазақ халқының қос мақтанышы өзге де түркі елдерінде кең насихатталуы керек. Әсіресе олардың поэтикалық қуатты жырлары мен ғылыми философиялық еңбектері аударылуы керек деп есептеймін. Философиялық терең ойлы, адамзаттық кемелдікке үндейтін хакім шығармалары өзі өмір сүрген тұтас дәуірді ғана емес, бүгінгі замана шындығын танып-білуге септігін тигізіп отыр. Әдебиеттегі абайтану ғылымы айтарлықтай табысты дамып келеді. Бүгінде Абай қалыптастырған дәстүр жаңа толқын шығармашылығында жалғасын тауып келе жатқанына куә болып отырмыз.

 

Анар Рзаев,

Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы