Бір күн ішінде 700-ге жуық адам қабылданды. Қала басшылығымен кездесуге келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді. Алтай Көлгінов биыл қалада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі едәуір ұлғайтылатынын айтты. Сонымен қатар бірінші кезекте үйді кезекте тұрған азаматтар алатынын мәлімдеді.
Мемлекет қолдауының арқасында «GLB» үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Құрылыс кәсіпорны үйдің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимарат салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ азаматтар жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу, балаларды балабақшаға орналастыру мәселелері бойынша өтініш білдірді. Үлестік құрылыс және тағы басқа мәселелер көтерілді. 2019 жылдың қараша айында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өткен болатын.
Айзере САМАРҚАН