Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Басты байлығымыз – бірлігіміз

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған кешегі жайт өзекті өртейді. Сол келеңсіздікте қаза болған жандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық қазақстандықты сабырлы болуға шақырамын.

Басты байлығымыз – бірлігіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеме жасағаны белгілі. Бұл оқиғаға қатысты кінәлі тұлғалар анықталып, заңға сәйкес өз жазаларын алатын болады. Арнайы құрылған комиссия бұл жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Еліміздің бас­ты байлығы ұлттар бірлігі екенін ұмытпайық! Елбасының бейбітшілік пен татулықты ту еткен саясатының арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ел бірлігінің сақталуына, дәріптелуіне Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып жатқан үлесі бар. Осы секілді оқиғаларды тудыратын арандатушыларға жол бермеуіміз керек. Еліміздің айрандай ұйыған ауызбіршілігін бұзуға мүмкіндік туғызбауымыз қажет.

Осы жағдайды ескере отырып, қайта орын алмауының барлық амалдарын жасауға тиіспіз. Бірлігімізді, бейбітшілігімізді бұзушылардың, ел ішіне іріткі салушылардың арам пиғылын кесіп отырған абзал. Тәуелсіз Қазақстан шаңырағының астында қазақ, өзбек, орыс секілді жүзден аса ұлт-ұлыс баянды ғұмыр кешіп келеді. Ол – біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы! Сол себепті арандатуға ермей, барынша сабырлы бола білейік!

 

Геннадий Шиповских,

Парламент Мәжілісінің депутаты