10 Тамыз, 2013

Саяси белсенділіктің арта түскендігі айқын көрінді

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ендігі міндет – білек сыбанып жұмыс істеу

Саясимаңызызоршарағадайындықжәнеоныңөтубарысындааймағымыздыңбірсыпыражеріндегіқатардағыжандарданбастап, шенеуніктергеде «Сайлаудыңқорытындысынабірқатартұрғынныңкөңілітолмауымүмкін, осығанқатыстынеайтаредіңіз?», дегенсұрақтыдакөлденеңтартқанедік. Бұл сайлаудың мән-маңызын жете ұғына қоймаған қарапайым ағайынның аз емесі шындық жайт. Әрине, сол үшін оларды жазғыруға болмас. Өйткені, тәуелсіздігін күні кеше алған жас мемлекетті айтпағанда, азуын айға білеген алпауыт елдер үшін де демократия дегеніміз, инемен құдық қазғандай, ұңғыл-шұңғылы мол дүние емес пе? Кадр тәрбиелеу, іріктеу де бір кезеңдік іс емес, ондаған жылда «қабырғасы қатайып, буыны бекитін» саясат.

Ауыл жетекшілерін ірік­теу жөніндегі қам-қарекет, әлбет­те, жетілдіріле береді. Интел­лек­туалдық әлеуетке байланысты ауқымды міндеттер тұр. Соның бәрінің өз уақытында сәті түсері сөзсіз. Міне, біз дидарласқан жерлестер толғамы осылай түйінделді. Бәрінен бұрын жұртымыз жаһанға үлгі болған тыныштығымызды аялап, Елбасымыздың «Әуелі – экономика, сосын – саясат» деген бекем мұратын шексіз бағалайды. «Бүгінгі жетістіктер әлі талай асуларымыздың кәміл кепілі», дейді біз сыр тартқан жамағат.

Мұндай пікір-пайымға ке­ше Ақжайық ауданының тұр­­ғын­­дары­нан да қанықтық. Бұл – ау­мағы Жайықтың қос қана­тына созылып жатқан, оңтүс­ті­­гін­де мұнайлы Атыраумен шектес­­кен, нағыз тоғыз жолдың торабындағы өңір. Алдыңғы күні мұнда аймақтың барлық ауданынан дене тәрбиесі мен спорт, еңбек ұжымдарының 1000-нан астам өкілінің қатысуымен V облыстық спорт ойындары басталған болатын. Ақжайықта мұндай айтулы жарыстарды айтпағанда, тір­лік-тынысымызға қатысты облыс­тық деңгейдегі басқа шараларды ұйымдастыруда бай тәжірибе қалыптасқан. Бұл ортақ іске деген мүдде, жанашырлық, жауапкершіліктің бір жемісі екені сөзсіз. Осы ахуал биылғы сайлауға дайындықтан да айқын сезілді. Осы жерде қысқа қайырсақ, 7 тамызда сайлаудың бірінші кезегі өткен басқа аудандардағы секілді, 18 ауылдық округтің әкімдігіне 3 үміткерден, яғни 54 кандидат ұсынылған Ақжайық ауданында да саяси дода тиісті деңгейінде мәреленді.

Өңірлердегі, тіпті игі істері республикаға танымал мақтаулы рухани ордалардың бірі – орталық­тан­дырылған кітапхана жүйесі ғимаратындағы дауыс беру пунк­тіне жиналғандар бұл күннің Ораза айтпен тұстас келгенін жақсы жоралғыға балап жатты. Түгел келген 13 депутаттың жүзінен тарихымыздағы тұңғыш осындай рәсім үшін мақтаныш та, сонымен бірге, жауапкершілік сезімі де леп бергенін сезу қиын емес. Дауыс беру бір деммен, аптығусыз, ешқандай қарбалассыз өтті. Іле сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды мұқият санап шықты.

– Бүгін, – деді БАҚ өкілдерімен әңгімесінде сайлау комиссиясының төрағасы Серікқали Бақманов, – би­ліктің халыққа ең жақын буы­ны – ауыл жетекшілерінің қалың жұртымыздың зор сенімін ақтауына алғашқы қадам жасалды деп есеп­тейміз. Ендігі кезек, әрине, істе. Олар жұмысты жөңкілтіп ала жөнеледі деп үміттенеміз.

Ешқандай сын-ескертпе болмауы да қуанышты жайт. Ал сайлау қорытындысы 13 әкімнің өз орнында қалғанын, 5 ауылдық округті бұдан былай жаңа жетекші басқаратынын әйгілеп берді. Жаңа әкімдер қатарында айталық, бұған дейін аудандық жұмыспен қамту орталығын басқарған Дәмелі Бекен бар, ол енді Ақсуат ауылдық окру­гі­нің тізгінін ұстайды. Әкімшілік-аумақтық өзгеріске сәйкес аудан о