Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Болашақ» қауымдастығының, «Нұр Отан» ХДП Саяси менеджмент мектебінің және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен шетелдегі Қазақстан студенттер ұйымдарының ІІ слеті болып өтті.
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Болашақ» қауымдастығының, «Нұр Отан» ХДП Саяси менеджмент мектебінің және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен шетелдегі Қазақстан студенттер ұйымдарының ІІ слеті болып өтті.
Оның жұмысына Қазақстанның АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Канада, Қытай, Ресей, Чехия, Испания, Малайзия, Корея және Түркиядағы 60 студенттік ұйымдардан 300-ден астам делегат қатысуда. Сонымен қатар, слетке жастар саясаты бойынша өңірлік басқармалар басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, мемлекеттік құрылымдардың, білім беру, индустриялық-инновациялық даму, технологиялар саласындағы қазақстандық және халықаралық компаниялардың өкілдері мен студент жастар да келіп қосылды.
Аталған іс-шараны өткізу өз кезегінде шетелдердегі студент жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіруге оң ықпалын тигізуі тиіс. Шетелдік және еліміздің студент және жастар ұйымдарын шоғырландыру арқылы халықаралық ақпараттық алаң құру өте маңызды. Соның ішінде шетелде халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту, Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, студенттер ұйымдарының проблемаларын талқылау, мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, студенттің өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту, академиялық және шығармашылық ұтқырлықты арттырудағы жастардың міндеті мен рөлі әңгіме болмақ.
Отырыста «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, «Ұлттық технологиялық дамыту агенттігі» АҚ басқарушы директоры, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Жұматай Сәлімов сөз сөйледі. Алдымен сөз алған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Елбасының қолдауының арқасында 70 мыңнан астам студент алыс-жақын шетелдерде білім алуда екендігін атап өтті. Осы ретте ол еліміз бен шетелдік жоғары білім ошақтарында оқып жүрген жастардың білімі қазіргі заман талабына сай екендігіне де тоқталды.
«Болашақта шешімін күткен мәселелер көп. Оны нәтижелі шешу үшін білімді әрі көзқарастары кең, патриоттық сезімдері жоғары жастар керек. Өздеріңіздің білімдеріңізбен Елбасының тірегі боларсыздар деп сенемін», – деп қорытты сөзін Бауыржан Қыдырғалиұлы. Ал Білім және ғылым вице-министрі М.Орынханов бірқатар оңды нәтижелерге тоқталды. Оның айтуынша, 2012 жылдың өзінде ғана қазақстандықтар тарапынан 1405 мақала халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге артық, ал осы жылдың бірінші жартыжылдығында жарық көрген мақалалардың саны 968-ге жетіпті.
Шетелдегі студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруының өзекті мәселелері АҚШ-тағы Қазақстанның студенттер альянсының президенті Диас Жорабековтің, Шанхай қаласындағы «Болашақ» студенттер қауымдастығының президенті Тілектес Адамбековтың, Ұлыбританиядағы Қазақстан студенттері қауымдастығының президенті Мәдина Томпиеваның, Мәскеу қаласындағы «Атамекен» қазақстандық студенттер бірлестігінің төрағасы Арман Бәрменбаевтың сөздерінде аталды.
Бұдан басқа іс-шара аясында шетелде оқып жатқан және республикалық жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің іскерлік байланыстары жолымен әлеуметтік капиталды кеңейту әлеуеті «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланды. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен өнер, туризм мен спорт саласындағы, оның ішінде «G-Global» сұхбат алаңы арқылы жастардың ынтымақтастық перспективалары жас белсенділер мен шақырылған сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде және сұхбат алаңында талқыға түсті.
Шара аясында «Болашақ» қауымдастығы мүшелері ұйымдастырған «Қазақстанның еңбек нарығы жағдайларында мансаптарды жоспарлау», «Бизнесті жүргізу: инвестицияларды тарту», «