10 Тамыз, 2013

Өңірлік дамудың өрісі

290 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Kеше Премьер-Министр­дің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Ба­қытжан Сағынтаевтың төр­ағалығымен Өңірлік даму ми­нистрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Kеше Премьер-Министр­дің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Ба­қытжан Сағынтаевтың төр­ағалығымен Өңірлік даму ми­нистрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Алқамәжілісіндеведомствоныңбіріншіжартыжылдықтағыжұмысқорытындылары, атапайтқанда, салалықбағдарламалардыңіскеасырылубарысы, бірыңғайқалақұрылысы, жеркадастрынәзірлеужөніндегімәселелержәнетағыбасқаларталқыланды.

Алқалы жиынды аша отырып, Б.Сағынтаев министрліктің барлық бастамалары өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін нығай­туға, олардың дамуындағы сәйкессіздікті деңгейлестіруге және облыстардың экономикасын әртараптандыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, министрлік жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы заңнамаға өзгерістер әзірлегенін, қабылданған заң ауыл әкімдерін, яғни басқарудың ең төменгі деңгейін қаржылық және институттық нығайтумен байланысты екендігін тілге тиек етті.

Қазіргі таңда Өңірлік даму министрлігі қайталануға жол бермейтін, әкімшілендіру мен бюджеттеуге ыңғайлы, өңірлер үшін айқын және түсінікті болатын өңірлерді дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге кірісті. Ол елімізде іске асырылып жатқан барлық салалық бағдарламалардың, атап айтқанда, моноқалаларды дамыту, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» және басқа да бағдарламалардың бірін-бірі қайталамай, үйлесімді іске асуын және әкімшілендірілуін жақсарту қажеттігін атады.

Өңірлік даму министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі баяндаманы вице-министр Қайырбек Өскенбаев жалғастырды. Вице-министрдің мәліметінше, ағымдағы жылдың жартыжылдығында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны 3 пайызға артыпты. Осылайша, олардың саны 784 мың бірлікті құраған. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 4,9 пайызға артып, 2 591 мыңнан астам адамды құрапты. Ал өнім шығару 0,9 пайызға артып, 4,2 млрд. теңгені құраған. Бірінші вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық лицензия­ларды беру электронды пішінге көшірілген, бизнесте сұранысқа ие 80-нен астам рұқсатнама үрдістері автоматтандырылған. Үстіміздегі жылы тағы да 214 рұқсат автоматтандырылады деп жоспарлануда.

Министрлік ағымдағы жылдың соңына дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Онда алғаш рет барлық рұқсат беретін құжаттардың тізбесі қалыптастырылатын болады.

Қ.Өскенбаев өңірлердің инфрақұрылымы жағдайына да тоқталып өтті. Жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай қолдау көрсету ретінде 2013 жылы денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2462 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 2,5 млрд. теңге игерілді, деді Қ.Өскенбаев.

Министрліктің мәліметінше, бұдан өзге өңірлерде инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр, оларға 15,2 млрд. теңге бөлінген, 6,2 млрд. теңге игерілген. Мұнымен қоса, вице-министр жұмыспен қамту бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде коммуналдық, инженерлік, көліктік және коммуналдық инфрақұрылымға жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Осы мақсаттарға биыл 42 млрд. теңге бөлінген, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 9,2 млрд. теңге игерілген.

Мемлекет басшысының тап­­сырмалары аясында ауыл­шаруашылық алқаптарын түгендеу жөнінде жұмыстар жүргізіле бастады. Былтырғы жылы 30 млн. га тексерумен қамтылып, 365 мың га жыртылған жерді құрайтын ауданы 3 млн. га, ауыл шаруашылығына арналған 7 мың қолданылмаған жер учаскелері анықталды. Анықталған жердің және жер қорының бөлігі ауылшаруашылық айналымына тартылды. Осы жылы министрлікпен қосымша 30 млн. га жерді түгендеу жұмысының екінші кезеңі жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Өңірлік даму министрлігі көзделген ауқымды жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр.

Кеңейтілген кеңесте Өңірлік даму вице-министрінен өзге «Атамекен одағы» ұлттық эконо­микалық палатасы» басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Жер ресурстары комитеті төр­ағасы Ба уыржан Смағұлов, «Мемсараптама» РМК бас директоры Бірлік Ережепов, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының Астана филиалы директоры Тұрлыбек Мұсабаев және Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтар сөйледі.

Жиынды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Б.Сағынтаев қорытындылады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың жартыжылдығында өңірлерде бюджеттік қаражаттарды игеру 98,6 пайызды құраған. Осы мәселені, сондай-ақ өңірлердегі қаражаттарды игеруді қатаң бақылауда ұстау қажет. Мәселен, өңірлерде моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаражаттардың тиімсіз игеріліп жатқандығы байқалады. Моноқалалар бизнесін қолдау­да қаражаттар мен түрлі тетік­тер­дің барына қарамастан әкім­дер негізінен инженерлік коммуникацияларға қаражаттарды алуға және коммуналдық мәсе­лелерді шешуге көңіл аударады, деді Б.Сағынтаев.

«Министрлік қызметінің басынан бастап жеке өңірлік бағдарламаларды сынап талдау жүргізді. Бұл өңірлерді, моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы», «ТКШ-ны жетілдіру бағдарламасы», «Ақ бұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары. Осы бағдарламаларда бағыттардың, жылдамдықтың, мақсатты көрсет­кіштердің қайталанғанын байқадық, оларды үйлестіру және әкімшілендіруде қиын­дықтар туындаған. Мысалы, осы бағдарламаларда инженер­лік-коммуникациялық инфра­құ­рылымды жөндеуде шығындар бар», деп атап өткен ведомство басшысы алда бұл мәселелерді шешуге министрлікте әзірленіп жатқан өңірлерді дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік бағдарлама септігін тигізетініне сенім артты. Бағдарламаға байланысты жұмыстарға мұқият болып, тиісті тапсырмаларды тағы бір пысықтауды тапсырды.

Б.Сағынтаев құрылыс саласына қатысты да біраз мәсе­лені сынға алды. Бұл ретте бірыңғай құрылыс кодексін жасау жөнінде ұсыныс айтты. «Бізге құрылыс нормаларын ауқымды түрде оңтайландырып, бұл мәселені түбегейлі шешу қажет. Қарама-қайшылықтар, шектен тыс тексерістер жойылуы тиіс және де қандай да бір сандық көрсеткіштерге басымдық берілмеуі керек», деді Б.Сағынтаев. Министрлікке бір айдың ішінде құрылыс нормаларының өзара әрекеттестігі бойынша нақты ұсыныспен Үкіметке шығуды тапсырды. «Бізге бірыңғай құрылыс кодексін әзірлеу туралы ойлану қажет секілді. Құрылыс кодексі қажет», деді ведомство басшысы.

Өңірлік даму министрлігінің алдында маңызы бар міндеттердің толық кешені тұр, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалуы қажет деп қорытындылады бірінші вице-премьер – Өңірлік даму министрі Б.Сағынтаев.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».