10 Тамыз, 2013

Өркениет көшіндегі өндірістер

401 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Бұрын негізінен шикізат экс­порттаушы ел едік. Бүгінде индус­триялық-инновациялық мемлекетке айналу мақсаты алда тұр.

Осы орайда инвестициялық ба­ғыт­ты дамыту мақсатымен «Астана – жаңа қала» арнайы эконо­ми­калық аймағының қызметі кү­шей­тілген. Сөйтіп, сол жағалаудағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен өндіріс аймағындағы Индус­триялық парк даму жолында. АЭА-ның негізгі мақсаты жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының жылдамдатылған құрылысы мен шетелдік және отандық инвес­торларды тарту арқылы жоғары технологиялық өндіріс құру еке­ні мағлұм. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау мақсатында ерекше құқықтық жүйе қолданылады. Инвесторлар 10 жылға дейін жер телімін жалға алу ақысынан, мүлік, табыс салығынан босатылған. Мұ­нымен бірге, қосымша құн салы­ғы­ның құнын қайтару да қарас­тырылған. Кедендік баж салығы да төленбейді.

Бұрын негізінен шикізат экс­порттаушы ел едік. Бүгінде индус­триялық-инновациялық мемлекетке айналу мақсаты алда тұр.

Осы орайда инвестициялық ба­ғыт­ты дамыту мақсатымен «Астана – жаңа қала» арнайы эконо­ми­калық аймағының қызметі кү­шей­тілген. Сөйтіп, сол жағалаудағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен өндіріс аймағындағы Индус­триялық парк даму жолында. АЭА-ның негізгі мақсаты жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының жылдамдатылған құрылысы мен шетелдік және отандық инвес­торларды тарту арқылы жоғары технологиялық өндіріс құру еке­ні мағлұм. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау мақсатында ерекше құқықтық жүйе қолданылады. Инвесторлар 10 жылға дейін жер телімін жалға алу ақысынан, мүлік, табыс салығынан босатылған. Мұ­нымен бірге, қосымша құн салы­ғы­ның құнын қайтару да қарас­тырылған. Кедендік баж салығы да төленбейді.

Аймақта бүгінге дейін 1,2 трлн. теңгелік инвестиция иге­ріл­ген. Оның 130 млрд. теңге­сі 2012 жылдың үлесінде. АЭА мін­деттерінің бірі Үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы бойынша жаңа өн­дірістер құрып, соның есебінен қа­ланы дамыту екені белгілі. Өткен жылы тікұшақтарды құрастыру зауыты салынды. Оны «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС жүзеге асырды. Жобаның құны 2,2 млрд. теңге болды. Француз технологиясы бойынша шығарылатын тікұшақтар ел авиациясының қа­жет­тілігін өтейді. Негізінен, шұғыл медициналық көмек, табиғи апаттан құтқару, полиция және шекаралық қадағалау қызметтеріне пайдаланылады. Модульдік желі құрастыру айқындамасы ЕС 145 тікұшағы ай­мақтық операторлардың қолайына бейімделген. Былтыр зауытта 8 тікұшақ құрастырылды. Олардың жалпы құны 13,5 млрд. теңгені құрады.

Фотоэлектрлі модуль жинау зауыты да іске қосылуға дайын. Бұл ғажайып жобаны жүзеге асыруға «Астана SOLAR» ЖШС 5 млрд. теңге жұмсады. Баламалы энергия көзі болып табылатын фотоэлектрлі пластиналар мен фотоэлектрлі модульдер жылына 50 МВт өндіреді. Ондағы өндірісте негізгі шикізат қазақстандық металлургиялық кремний болмақ. Зауыттың алғашқы қадасы қағылмай тұрып-ақ отандық өнімдерге басымдық беру көзделген. Өйткені, елімізде жаңа өнім шығарудың алдында, әуелі өндірістік желі жасау алдын ала қарастырылады. Кәсіпорын француздық озық технологиямен жабдықталған. Атап айтқанда, Semco Ingeeniring, ECM және CEIS компанияларының қатарында. Мұнымен бірге, Францияның, яғни баламалы энер­гия көзі мен атом энергиясы бойынша комиссариатының қолдауымен француздық консорциум технологиясы желісімен дүниеге келіп отыр. Қазір зауытта жөндеу жұмыстары мен шығарылған өнімдердің сапасын тексеру шаралары жүріп жатыр.

Бұлармен қатар, «Авиациялық техникалық орталық құру» ЖШС «ҚАИ» жобасын жүзеге асыру ісін бастады. Ол АҚШ-тың «Cessna Air Craft» жеңіл моторлы ұшақтарының үлгісінде жасалады. Ұшақтар түпнұсқаның жабдықтарымен, сондай-ақ Қазақ­станда жасалған бөлшек­термен құрастырылады. Жобаның құны 8,9 млрд. теңге. Осы күндері өндірістің жобалық-сметалық жұмыстары жүргізілуде.

Индустриялық парк те ел назарында. Бүгінде парк аумағына 166,0 млрд. теңге болатын 46 жоба тартылған. Олардың 19-нда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 16-нда жобалау шаралары пысық­талуда. Ал 11 жоба жүзеге асырылып, жұмыс істеп тұр. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «General Electric» америкалық технология бойы нша «Evolution» тепловоздарын құрастыратын зауыт.

«Тұлпар Тальго» ЖШС Patentes Talgo S.L. жаңа технологиясы негізінде жолаушылар вагонын шығарып жатыр. Зауыт халықаралық сапа стандарттарына сай, жоғары рентабельді және өндірістік процесте өте тиімді жобаланған. Бұл зауыттың ТМД елдерінде баламасы жоқ. «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС заманауи электровоздар құрастырады. Францияның «ALSTOM» технологиясы бойынша жасалатын электровоз саланың ең жоғары стандарттарына жауап береді. Зауыт 2012 жылдың желтоқсан айында ашылды. Қазіргі таңда бірінші электровоздарды құрастыру жұмысы жүргізілуде. Одан өзге «Led system media» ЖШС инновациялық энергия үнемдеуші жарық диодты шамдар да шығарады. Оның да игілігін көрер күн алыс емес.

Парктегі жұмыс істеп тұрған 11 кәсіпорын өткен жылы 57,4 млрд. теңгенің қызметін көрсетіп, өнімін шығарыпты. Бұл жалпы Астана қаласының өнеркәсіп өндірісінің 30 пайызын құрайды. Сондай-ақ, кәсіпорындар 2010 жылдан бері елімізге 148 млрд. теңге көлемінде пайда әкел­ген. Әлемдегі озық технологиялар пайдаланылғандықтан зауыттардың бәрі халықаралық стандарттарға сай салынған. Экологиялық жағынан таза әрі қуат көздерін үнемді пайдаланады.

Бұйыртса, биылғы жылдың аяғына дейін паркте тағы 8 жоба жүзеге асырылады. Оларға 26,7 млрд. теңге көлемінде инвестиция құю жоспарланып отыр. Нәтижесінде 800 жұмыс орны пайда болады.

Енді биыл құрылысы аяқта­латын кәсіпорындардың ең ірілеріне тоқталып өтейік. «Қазақстан ASELSAN Инжи­ниринг» ЖШС зауыты Элек­тронды-оптикалық құрал­дар шығаратын болады. Мұндай жоғары техникалық, өндірістік-инновациялық өнімдер тек дамыған елдерде ғана бар. За­уыт негізінен инновациялық өнім саналатын тепловизорлар, оптикалық жүйелер, сондай-ақ ИК линзасын шығаратын болады. Өнім еліміздің әскери-қорғаныс қажеттілігін өтеуі тиіс. Ал, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаждық зауыттың жобасын қолға алған. Әлемдегі алдыңғы қатарда тұрған Mintek, Outotek, Mitalor, HATCH инжиниринг компанияларымен алтын мен күміс құймаларын өндіреді. Технологиялық эмиссия деңгейі Ta-Lu Еуропа елдерінің экологиялық стандарт талаптарына толық жауап береді. «GLB» ЖШС құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдарын өндіру зауыты құрылыс материалдарын шығарады. Ма­мандардың сөзіне сенсек, жылдық өндіріс қуаты 200 мың шаршы метр баспананы құрамақ.

Іргелі жобалардың бірқатары 2014-2016 жылдары жүзеге асырылады. Алдымен, фармацевтика мен химия өндірістері туралы айтсақ. Отандық дәрі өндірушілер Швейцарияның «Mabco constructions SA» компаниясымен бірге GMP TOO «BS medical surgery» талаптарына жауап беретін биоэквивалентті емдеу препараттарын өндіретін фармацевтикалық фабрика салуды жобалап отыр. Бұл фабрика іске қосылған соң еліміздегі дәрі-дәрмек мәселесі айтарлықтай жеңілдейді

Ал, «ASTANA MEDICAL EGUIPMENT» ЖШС медицина құрал-жабдықтары мен машина, автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркеме шығаратын өндіріс ошағын салмақ. Құрал-жабдықтарды діттеген жерге өздері жеткізіп, қайта жинақтап, сынақтан өткізеді. Сөйтіп тұты­нушыларына қалай пайдалануды түсіндіріп те береді. Заманауи технологияларды қолдану арқылы әлемдегі ең үздік өндірушілермен теңесіп, озық медициналық техника параметрлерін жасайды деген үміт бар. «ASTANA BIOCIDE» ЖШС негізгі фармацевтикалық және химиялық өнімдер мен препараттар өндірісін қолға алмақ. Жоба биоцидтік өнімнің кең ауқымды ассортиментін өндіруді көздейді. Атап айтқанда, дезинфекциялау құралдары, стерильдеу қоспалары, антисептиктер жасалатын болады.

Паркте ірі зауыттар да орын тебеді. «Қазақстандық құбыр прокаты зауыты» ЖШС үлкен диаметрлі, болаттан жасалған тегіс құбырлар өндірісін жол­ға қояды. Жоба жүзеге асырылғанда еліміздің мұнай-газ секторы құбырлар импортынан арылады. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қажет құ­бырлар да осында өнді­ріледі. Өте тиімді және жоғары технологиямен жарақталатын зауыттың өнімдерін алдағы уақыт­та Орталық Азия елдеріне экспорттау да жоспарда бар.

«Capital stone» ЖШС табиғи тас өңдеу зауыты италиялық жабдықпен жарақталады. Әлем­дегі үздік технологиялар арқылы мәрмәр және гранит бұйымдарын жасайды. Бұйыртса, қазақстандық табиғи тастар жақын шетелдерге және Батыс Еуропа мен ОАР-ға дейін экспортталатын болады. «Қазақстан инжиниринг дистрибьюшн» ЖШС аза­мат­тық және әскери техника­ларды құрастыратын болады. Жоспар бойынша «Cobra», «ARMA», «Land Rover Defender» доңғалағы құрышталған машиналар мен «Kent C» және «Vectio C» қалалық автобустарды жасап шығарады. Польшаның «Pronar» мен Финляндия «Sampo Rosenlew L td» компанияларының, сондай-ақ әлемдегі тағы да басқа мықты өндірушілерінің технологияларын қолдана отырып, «Казтехмаш» машина құрастыру зауыты» ЖШС құрылмақ. Ол коммуналдық, ауылшаруашылық, тасымалдау техникаларын жасайтын болады.

Осынау жобалар жүзеге асырылса, елорда өндірісі ел дамуында елеулі орынды аларына шүбә жоқ.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».