10 Тамыз, 2013

Шарайна

236 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мысыр мәмілеге келе алар емес

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқтал­­­ғанын білдіретін ең маңызды Ид әл-Фитр мерекесі де Египетке қуанышты көңіл күй әкеле алмай отыр.

Осыған дейін бір күн бұрын ішкі саяси дағдарысты жою жөніндегі халықаралық делдалдық күш-жігердің жүзеге аспай қалғаны хабарланған болатын. Каирге дағдарысты реттеу жөніндегі ұсыныстармен келіп, осында бір аптадан астам болған АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бернс түк бітірместен елден кетуге мәжбүр болды. Сонымен бірге, Египеттің қазіргі билігі Каирдегі америкалық сенаторлар Джон Маккейн мен Линдси Грэмнің шындықты бұрмалап, елдің ішкі ісіне тікелей араласқанына наразылық білдірді.

Сноуден пайдаланған сервис жабылды

Ақпарат таратушы Эдвард Сноуден пайдаланып келген, атап айтқанда, сол арқылы адам құқын қорғаушы активистермен байланыс орнатып келген америкалық Lavabit электронды пошта қызметі өз жұмысын тоқтатты.

Lavabit қожайыны Лэйдар Ливайзон сервистің бас парақшасында мәлімдеме жариялай отырып, бұл туралы өз пайдаланушыларын құлағдар етті. Бір айта кетерлігі, Ливайзон осындай шешім қабылдауға заңға байланысты шектеулер туындағандықтан орын алған жағдайдың нақты себебін айта алмайтынын жеткізген. Оның сөзіне қарағанда, оның алдында не он жыл уақыты кеткен төлтумасын жабу, не «қылмыстарға ортақтасу» таңдауы тұрған.

Қырық жыл джунглиде өмір сүріпті

Вьетнамның орталық бөлігіндегі джунглиде 40 жыл бойы өркениеттен оқшау өмір сүрген әке мен бала табыл­ған. Бұл туралы Tuoi Tre вьет­­­намдық басылымы хабарлап отыр.

82 жастағы Хо Ван Тэнх пен оның 42 жасар ұлы Хо Ван Ланды жақын орналасқан деревнялардың бірінің тұрғындары кездейсоқ көріп қалған. Олардың жергілікті билікке хабарлауынан кейін джунглидің әдеттен тыс тұрғындарын іздеу үшін арнайы отряд жасақталған. Іздеу тобы 5 сағаттан кейін шағын үйшікті тапқан. Әке мен балада ағаш қабығынан жасалған бел байлағыштар ғана болған. Ұзақ уақыт адамдардан оқшау өмір сүргендеріне қарамастан, олар вьетнамдық диалектілердің бірінде сөйлей алады екен. Әке мен бала 40 жыл бойына жидектермен және көкөніспен қоректеніп келіпті.

Нобель сыйлығы лауреатының үйі тоналды

Нобель сыйлығының лауреаты, оңтүстікафрикалық архиепископ Десмонд Тутудың үйі тонауға ұшыраған. Кейптаунда әйелімен бірге тұратын 81 жастағы Тутудың үйіне белгісіз біреулер кіріп, кейбір дүниелерін алып кеткен.

Ұрлық кезінде үйдегі дабылдатқыштың іске қосылғанына қарамастан ұйықтап жатқан Туту мен оның әйелі оған онша назар аудармаған, соның салдарынан болған оқиға туралы тек ертеңінде ғана хабарлаған. Десмонд Туту Оңтүстік Африка Республикасында саны аз-ақ нәсілділердің үстемдік құруына ашық қарсы шығуымен белгілі. Дегенмен, орын алған ұрлықтың оның саяси қызметіне ешқандай қатысы жоқ сияқты.

Елшіліктер терроршылардан сақтануда

АҚШ мемлекеттік департаменті террорлық қауіп-қатерге байланысты Пәкстанның Лахор қаласындағы өзінің дипломатиялық миссиясының үлкен бөлігін басқа жерге көшіру туралы шешім қабылдады.

Елшілік ғимаратында тек жұмыс үшін өте қажет деген қызметшілер ғана қалған. Былайғы қызметкерлердің барлығы ел астанасы Исламабадқа қоныс аударды. Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтары үшін террорлық қауіп-қатердің бар екенін ескертіп, америкалықтарға ел ішінде жиі жүріп-тұрудан сақтануға кеңес берген. Тамыз айының басында АҚШ билігі Таяу Шығыс пен Африканың оннан астам елінде елшіліктерін уақытша, яғни 10 тамызға дейін жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Ал 6 тамыз күні Йемендегі елшілік көшіріліп, т