10 Тамыз, 2013

Ермековтің ерлігі ұрпаққа – ұран, елге – мұра болуға лайық

415 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Туған еліміз тәуелсіздік алғалы жиырма екі жыл жылжып өте шықты. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт. Десек те, осы аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның ғасырға пара-пар жолдан өткені анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан осы жылдарды Отан тарихындағы абыройлы да асқақ табыстарымен өрнектей алды. Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктер, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді», – деген сөздерінен де осыны аңғарамыз. Азаттық бізге аспаннан түсе қалған жоқ. Ол дербес ел болу жолындағы күресте «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыздың қанымен, терімен келді. Бұл орайда, Алаш қайраткерлерінің еліне сіңірген еңбегі тіпті өлшеусіз.

Туған еліміз тәуелсіздік алғалы жиырма екі жыл жылжып өте шықты. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт. Десек те, осы аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның ғасырға пара-пар жолдан өткені анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан осы жылдарды Отан тарихындағы абыройлы да асқақ табыстарымен өрнектей алды. Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктер, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді», – деген сөздерінен де осыны аңғарамыз. Азаттық бізге аспаннан түсе қалған жоқ. Ол дербес ел болу жолындағы күресте «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыздың қанымен, терімен келді. Бұл орайда, Алаш қайраткерлерінің еліне сіңірген еңбегі тіпті өлшеусіз. Бүгінде олар жайлы жазылып жатыр. Біздің айтпағымыз басқа. Ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтық мемлекет принциптерін қазақ қоғамына енгізу, ағарту ісін жақсарту, тілді дамыту сияқты биік мұрат мен мақсаттар төңірегіне топтасқан, жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жаршылары болған сол аяулыларымыздың есімдері еліміз тәуелсіздік алғанға дейін «жабулы қазан жабулы» күйінде жатты. Өйткені, Кеңес өкіметі Қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысына, оның белгілі қайраткерлеріне байланысты іс жүзінде ұлы державалық шовинистік саясат ұстанып, өзінің бар идеологиялық күш-қуатын ұлттық сананы тұншықтыруға бағыттады. Сол кезеңде, әсіресе, Қазақ елінің саяси қайраткерлерінің мұрасына көп қиянат жасалды.

Алаштың ұлы қайраткерлерінің бірі Әлімхан Ермековтің де осындай саясаттың құрбаны болғанына бүгін көз жеткізіп отырмыз. Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін біздің елімізде оны білетіндер өте аз болды. Оның есімі Қазақ кеңес энциклопедиясына енгізілмеді, тарихшылар да ол туралы шындықты айта алмады. Тек математиктер ғана Қазақстандағы математика білімі мен ғылымы тарихын қарастырғанда Ә.Ермековті оқта-текте ауызға алатын. Сөз жоқ, бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған, қазақтан шыққан тұңғыш математик, профессор Ә.Ермековтің ғылым саласына сіңірген еңбегі өте зор. Оның ұстаздық жолын қысқаша шолар болсақ, ел игілігі жолында қыруар істер атқарғанына көз жеткіземіз. Ол 1935 жылы қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» атты кітаптың бірінші бөлімін, 1936 жылы ұстаздық тәжірбиесі негізінде «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін, ал 1937 жылы «Детерминант теориясының элементтері» деп аталатын еңбегін жазды. Өкінішке қарай, 1938 жылы «халық жауы» атанып, тұтқындалуына байланыс­ты оның өңделіп, баспаға тапсырылған «Ұлы математика курсы» кітабының 2-бөлімі жоғалып кетті, дайындаған докторлық жұмысы аяқталмай қалды.

Ә.Ермеков 1921-1922 жылдары Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен педагогикалық техникумды (қазір Саран педколледжі) ашуға тікелей басшы­­лық жасаған. 1926 жылы біржола оқытушы­лық қызметке ауысқаннан кейін, 1926-1928 жылдары Ташкенттегі тұңғыш қазақ педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасының оқыту­шысы, кейін жаратылыстану-мате­матика факультетінің деканы, 1928-1930 жылдары Алматыдағы Қазақ мемле­кеттік университетінде математика кафе­драсының доценті, 1930-1936 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық-мал­дәрігерлік институтының доценті әрі профессоры және математика кафедрасының меңгерушісі міндеттерін атқарды. 1936-1938 жылдары Қазақ кен-металлургиялық институтында математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі міндетін жалпытехникалық факультеттің деканы қызметіне қоса атқарды. 1938 жылдың басында Куйбышевтің (қазіргі Самара) жоспарлау институтында математика және математикалық статистика кафедрасы