«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 маусым күнгі санындағы Оралхан Дәуіттің «Оқ атқан кім?» атты мақаласы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында қаралды.
«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 маусым күнгі санындағы Оралхан Дәуіттің «Оқ атқан кім?» атты мақаласы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында қаралды.
Мақалада көрсетілген мән-жайларды тексеру кезінде анықталғаны, 3 мамыр 2013 жылы сағат 18:00 шамасында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Түркістан қаласы «Талғат и К» клиникасынан Түркістан қаласы, Бекзат м/а, Жәңгірхан көшесі, 98-үй тұрғыны Н.Сыздықов «сол көзімен сол қолының шынтақ тұсынан от қаруынан алған жарақаты, ІІ-ІІІ дәрежедегі травматикалық шок» диагнозымен түскені жайлы хабарлама берілген.
Аталған дене жарақатын Н.Сыздықовқа белгісіз азаматтар Түркістан қаласы, С.Ерубаев көшесі №16-үйдің тұсында белгісіз атыс қаруымен сол күні сағат 17:20 кезінде салғаны анықталған.
Осы оқиға бойынша Түркістан КІІБ белгісіз азаматтарға қарсы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «и» тармағымен қылмыстық іс қозғаған, яғни «бұзақылық ниетпен бөтен адамға қасақана қаза келтіруге оқталып, өз қылмыстық іс әрекеттерін өзіне байланысты емес себептермен ақырына дейін жеткізе алмаған».
7 мамыр күні осы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде аудандық соттың қаулысымен Т.Таңатовқа бұлтартпау шарасы – қамауға алу қолданылған.
Аудан прокуратурасы тарапынан қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақты және объективті түрде жүргізілуін және айыпталушы Т.Таңатовтың ата-анасы тарапынан жазған арыздарындағы көрсетілген уәждерін тергеу барысында толық тексерілуін қамтамасыз ету туралы жазбаша нұсқау берілген.
Қазіргі таңда осы қылмысқа күдікті Т.Таңатовтың қасында болған басқа да азаматтарды анықтап, оларды ұстауға бағытталған жедел-тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысы облыс прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды».
Ә.ҚОЖАХМЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары.