Президент • 12 Ақпан, 2020

Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік саласын дамыту, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.