10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасының Президентінің Үндеуі

296 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аудандық маңыздағы қалалар, селолық округтер, селолық округтердің құрамына кірмейтін поселкелер мен селолар әкімдері сайлауының қорытындысы бойынша Үндеуі

 

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

Мен сіздердің бәріңізді ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен құттықтаймын!

2013 жылғы тамыздың 5-інен 9-на дейін тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы табысты өтті. Баламалы негізде мәслихаттар аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін поселкелер мен селолардың әкімдерін сайлады. Бұл елдегі бүкіл әкімдердің 91 %-дан астамы. Барлығы 7 миллион 632 мың қазақстандық тұратын аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, поселкелер мен селолардың 2454 әкімі сайланды.

Өздеріңіз білетіндей, осы сайлауды өткізу туралы бастаманы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы халыққа Жолдауымда көтердім. Сайлау жас қазақстандық демократияның маңызды жетістігіне айналды. Оларға шамамен 7 мыңдай кандидат қатысты. Егер бұрын әкімдер тағайындалса, бүгінде олар алғаш рет сайланды. Және оны қазақстандық сайлаушылар өздерінің аттарынан іс-қимыл жасауға жоғары сенім көрсеткен халық өкілдері – мәслихаттар депутаттары заңды негізде саналы және жауапкершілікпен жүзеге асырды.

Өткен сайлау барысына беделді жұртшылық өкілдері бақылау жасады. Қоғам қайраткерлерінің бастамасы бойынша Сайлауды қадағалау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрылып, табысты жұмыс жүргізді. Бақылаушылар электоралдық науқан мен сайлау барысында айтарлықтай бұрмалаушылықтардың тіркелмегенін атап көрсетті. Сайлау ашық, мөлдір болды және қолданыстағы заңнамалар нормалары мен қазіргі заманғы демократиялық тәжірибеге толықтай сәйкесті.

Жергілікті әкімдерді сайлаудың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруды бастаудың дәл бірінші жылында өтуінің де нышандық мәні бар. Бұл біздің XXI ғасырға арналған басты стратегиялық жоспарларымызда белгіленген Қазақстан үшін тағдыршешті мақсаттар мен міндеттерді сатылап жүзеге асыруға біздің терең берілгендігімізді бейнелейді.

Құрметті қазақстандықтар!

Жергілікті өзін-өзі басқару – Қазақстан Республикасы конституциялық құрылымының базалық негіздерінің бірі. Оның одан әрі тиімді қалыптасуындағы таяудағы және ұзақ мерзімді міндеттер мен бекіткен Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында белгіленген. Оларды бірізділікпен шешу төменгі деңгейдегі басқару жүйесінің сапасын айтарлықтай арттыруға жағдай жасайды. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін де сайлауды табысты өткізу қамтамасыз етілді.

Менің бұдан былай азаматтармен бетпе-бет жұмыс істейтін және проблемаларды жергілікті жерлерде тікелей шешетін барлық әкімдердің сайланбалылықпен қамтылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жергілікті әкімдер қызметіне азаматтық бақылауды күшейту үшін мүмкіндіктерді ұлғайтады, сондай-ақ әрбір жекелеген аумақтық қоғамдастықтағы ахуалға мәслихаттар мен барлық азаматтардың тікелей ықпалының артуына жағдай жасайды. Осылайша, саяси жүйені жаңғырту жолында, қазақстандықтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысу тәжірибесі мен дәстүрлерін кеңейтуде тағы бір маңызды қадам жасалды.

Жаңа әкімдердің менің тапсырмам бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін биылғы жылы жергілікті билік органдарының мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді. Бүгінде олар тиімді жұмыс жүргізу үшін қажетті барлық материалдық-қаржылық және кадрлық ресурстарға ие. Атап айтқанда, жергілікті әкімдерге әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді. Биылғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша оларға заң жүзінде 67 функция бекітіліп берілді, оның өзі іс жүзінде жергілікті маңыздағы барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл сонымен бір мезгілде әкімдердің отандастары мен мемлекет алдындағы аса зор жауапкершілігі де!

Әр әкім оны толық сезініп, өз міндеттерін абыроймен және лайықты атқарып, адал да ш