Руханият • 17 Ақпан, 2020

Димаш Құдайберген Краснодарда концерт берді

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің Еуропа қалаларындағы концерті басталды.

Димаш Құдайберген Краснодарда концерт берді

Фото dimashnews.com

7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Жанкүйерлер концерттің басталар уақытынан әлдеқайда ерте жиналған. Олардың арасында сүйікті әншісінің өнерін тамашалауға Ресейдің басқа аймақтарынан  келгендер де аз емес.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Димаштың Еуропа қалаларындағы алғашқы концерті. Тур аясында әртіс өзінің «Арнау» бағдарламасымен Мәскеу, Рига, Прага және басқа да еуропалық қалаларда өнер көрсетеді.

1

2

3

4

5